logo
Қз

Еуразиялық банк скутерлер сатып алуға кредит бере бастайды

Еуразиялық банк – Yamaha компаниясының эксклюзивті серіктесі қазақстандық банктер ішінде бірінші болып жапондық Yamaha скутерлерін сатып алуға кредит бере бастайды. Серіктестер арасындағы тиісті келісімдерге қол жеткізілді, жаңа кредиттік өнім осы айдан бастап қолданысқа енгізіледі. Банктің кредит жөніндегі мамандары жапондық концерннің ресми дистрибьюторы – Мото Лэнд Азия және Алан Мотор мотосалондарында жұмыс істейтін болады.

 

Еуразиялық банк 50%-дан жоғары үлеспен көлік алуға кредит беру нарығында нағыз көшбасшы. 2013ж. Қазақстандағы әрбір төртінші автомобиль Еуразиялық банк берген қаражатқа сатып алынды. Банк ресімдеген әрбір екінші кредит – автокредит. Кредиттің жаңа түрін іске қосу арқылы Банк көлік алуға кредит беру нарығындағы өз үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

 

«Скутер – бұл қымбат емес, ыңғайлы әрі үнемді көлік түрі. Олардың артықшылығы – жанармай шығыны аз, сақтандыру арзан және тұраққа қою жеңіл. Еуропа мен Азияда скутерлер барлық тұрғындар санаты арасында – студенттер мен қызметкерлерден бастап зейнеткерлерге дейін – кеңінен таралған. Бүгінде скутерлер жолдарды кептелістен босату және қаланың ауасын жақсарту мүмкіндігімен талай мегаполистердің жолдарында көптеп кездеседі. Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып, мұнда мотокөліктің тамаша болашағы бар екеніне сенімдіміз», – дейді Еуразиялық банктің бөлшек бизнесіне жетекшілік етуші  Басқарушы директор Бертран Госсар.

 

Скутерлерге қоса, Еуразиялық банк мотоциклдер, қарда жүргіштер мен Yamaha гидроциклдерін сатып алуға кредит беруді жоспарлап отыр.

 

Анықтама: 

«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.