logo
Қз

Еуразиялық банк Monitise Create-мен бірігіп ұялы байланыс қосымшасын іске қосады

Еуразиялық банк Monitise PLC ұялы байланыс төлемдері саласындағы өнімдердің жетекші жаһандық әзірлеушісі Mobile Money жобалаған және жасаған ұялы байланыс банкингінің дербес қосымшаларын іске қосқаны туралы хабарлады. Бұл өзінің тегі жағынан өңірдегі бірінші әмбебап банктік қосымша, IOS (iPhone және IPad)Android және Windows Phone операциялық жүйелері үшін қолжетімді. Ұялы байланыс банкингінің қызметтерін Еуразиялық банктің осы жылы саны миллионнан асып кететін клиенттері пайдалану мүмкіндігін иеленеді.
 

Еуразиялық банк Monitise Create-ге Қазақстанның банктік қызметтері саласында үздік алдыңғы қатарлы шешімді енгізуді – ұялы байланыс қосымшасын жобалау, жасау және іске қосу мақсатымен жүгінген. Қосымша орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Енді осы қосымшаның көмегімен Еуразиялық банктің клиенттері транзакциялардың тарихына қолжетімділік, өзінің шоттарының арасында аударымдар жүргізу, қызметтердің ақысын төлеу, кредит алуға өтінім беру, операцияларды оқшаулау, сондай-ақ таяудағы банкоматтарды, филиалдарды және бөлімшелерді табуға мүмкіндік алады.

 

 

«Жаңа ұялы байланыс қосымшасын іске қосу біздің бөлшек бизнестің тұрақтылығын және Қазақстандағы банктік секторда банктің жаңа технологияларының әлемдік класын енгізуге ұмтылысын көрсетеді», – деп әңгімелейді «Еуразиялық банк» АҚ Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон. «Болашақ банктік қызметтер – ұялы байланыс технологияларында. Қосымшаны іске қосу – Банк қызметтерін клиенттердің жаңа күтулері мен қажеттіліктеріне сәйкес қайта құруға бағытталған қадамдардың бірі».
 

Monitise Create бас директоры Алистер Крэйн келесідей түсініктеме жасады: «Біздің міндетіміз – клиенттерге алдыңғы қатарлы ұялы байланыс технологияларын ұсыну. Еуразиялық банкпен ынтымақтаса отырып, нарықтағы ұялы байланыс банкингінің қосымшасының үздігін жасауда, біз шын мәнінде өзгермелі ойын ережесін және нарықта мүлдем жаңа мүмкіндіктер, тәсілдер мен сапа ұсынуда өзіміздің мол тәжірибемізді қолдануға тырыстық».

 

 


Анықтама:

«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.
Еуразиялық банк баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 5283)
press@eubank.kz 
www.eubank.kz

 

 

Monitise Create – FTSE тізіміне енетін компаниялар үшін және әлемдік брендтер үшін стратегиялық серіктес. «Бастысы – пайдаланушыға қолайлылығы» ұстанымын басшылыққа ала отырып, Monitise Create клиенттердің бизнестің барлық салаларында – Whitbread, RBS, Barclays және Samsung және басқалардың ұялы байланыс технологияларының негізінде инновацияны енгізеді.
 

Monitise Create – Monitise РLС бөлімшесі – өзінің жұмысында Mobile Money-дің әлемдегі кеңінен таратылғандарын және табысты коммерциялық технологиясын қолданады. Monitise патенттелген технологияларының артықшылықтарын бүгінде дүние жүзінде 28 миллион клиент жыл сайын банктік операцияларды жүргізуге, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға және төлем жүргізуге 71 млрд. АҚШ долларын сомасында пайдаланады.
 

Monitise Creatе баспасөз қызметі

Тел: +44 (0) 20 3657 0362

Гэвин Хайкок (Gavin Haycock) Gavin.haycock@monitise.com www.monitisecreate.com

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.