logo
Қз

Еуразиялық банк Visa (Fast Funds) мезеттік ақша аударымдары жаңа қызметін іске қосты

2011 жылғы 10 тамыз, Алматы – «Еуразиялық АҚ» өз клиенттері үшін Visa – Fast Funds жаңа технологиясы негізінде Visa мезеттік ақша аударымдары қызметін іске қосқан Қазақстандағы алғашқы қаржы институты болды.

 

Visa мезеттік ақша аударымдары қызметін іс жүзінде нақты уақыт тәртібінде іске қосу Еуразиялық банктің озық инновациялық шешімдерді енгізуінің арқасында мүмкін болды. Бұл қызмет барлық Visa: Visa Electron, Visa Classic, Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite (Diamond) пластикалық карталарын ұстаушылар үшін қол жетімді болады.

 

«Еуразиялық банк» төлем карталарын қолайлырақ пайдалануды көздейтін инновациялық сервистерді дамытуды мақсат етіп отыр. Егер бұрын біздің клиенттеріміз қаражаттың картаға түсу сәтін 2-3 күн күтсе, қазір ол жарты сағаттың ішінде мүмкін болды! Осылайша, ақша өзге банктің картасынан Еуразиялық банктің картасына іс жүзінде сол мезетте, күндіз немесе түнде, демалыс немесе мейрам күндері түседі», – дейді «Еуразиялық банк» АҚ-ның атқарушы директоры Дмитрий Николин.

 

«Біз сервистің қолайлы екенін мойындаймыз, сондай-ақ клиенттерімізге төлем карталарын жиірек пайдалуға тілек білдіреміз. Сондықтан банк Еуразиялық банктің Visa картасына өзге банктің Visa картасынан Visa ақша аударымдары қызметі арқылы түскен қаражатты есептегені үшін комиссия ұстамайды. Аударымның ең жоғары сомасы 20 мың АҚШ долларын құрайды», – деп атады Дмитрий Николин мырза.

 

«Visa» ұсынатын қызметтерін жетілдіре отырып және қауіпсіздік, жеделдік пен сенімділік принциптерін ұстана отырып, әрқашан заман талабына сай болуға талпынады. Қазақстанның банктері ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып бірнеше жыл бұрын ақша аударымдары қызметін қолданысқа енгізді. Содан бері VisaNet желісін айтарлықтай жетілдіру арқасында біз бүкіл дүниежүзі бойынша өз клиенттерімізге жаңа технология негізінде қаражатты Visa картасына аударудың жылдамырақ әдісін ұсындық,- дейді ТМД елдері бойынша өңірлік менеджер Александр Калита – Visa мезеттік ақша аударымдары қызметі халықаралық нарықта пайда болған сәттен бастап бар болғаны жарты жыл ішінде үш ТМД елінде – Ресейде, Украинада, Грузияда қолданысқа енгізілгеніне қуаныштымыз, ал қазір Еуразиялық банктің арқасында Қазақстан азаматтары да аталған қызметке қол жеткізе алады».

 

Енді Visa картасының иелері интернет-банкинг, банкоматтар, төлем терминалдары және банк бөлімшелері сияқты арналарды пайдалана отырып, ақша қаражатын сол мезетте-ақ аудара алады.

 

Ақша аудару үшін жіберуші өзінің Visa карточкалық шотындағы немесе банктік шотындағы қол жетімді қаражатты немесе қолма-қол ақшаны пайдалана алады. Ақша аударуға ниет білдірген адамға күрделі нысандарды, банктік деректемелерді немесе банк филиалының мекенжайын толтырып керегі жоқ. Жіберуші білуі тиіс жалғыз ақпарат – ол алушының Visa картасының нөмірі1.

 

Visa мезеттік ақша аударымдары қызметі Еуразиялық банк клиенттеріне 2011 жылғы 28 шілдеден бастап қол жетімді.

 

Анықтама үшін:

«Еуразиялық банк» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 1994 жылғы 26 желтоқсанда тіркелген.

 

Еуразиялық банк басты мақсаты клиенттік базаны кеңейту, банкті филиалдар желісі дамыған ашық, әмбебап қаржы институтына айналдыру стратегиясын жүзеге асырады. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында Банктің 18 филиалы мен 49 бөлімшесі бар (www.eubank.kz).

 

2011 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін шоғырландырылмаған есептілік деректері бойынша Банктің 2011 жылғы 1 шілдедегі таза пайдасы 2,27 млрд. теңгені құрады. Несие портфелі (есептелген пайыздарды ескере отырып) өткен жылмен салыстырғанда 28,6%-ға және жылдың өткен кезеңі үшін 8.7%-ға артты. Банктің меншік капиталы 28,2 млрд. теңгені құрап, 9,1%-ға артты.

 

Visa Inc.:

Visa жаһандық төлем жүйесі болып табылады. Ол әлемнің 200-ден аса елінде карта ұстаушыларға, сауда-сервистік кәсіпорындарына, қаржылық және үкіметтік мекемелерге жедел, қауіпсіз және сенімді электронды желісіне қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Электронды төлемдер тұтынушылар үшін алаяқтықтан қорғауды және сауда-сервистік кәсіпорындары үшін төлемдер жүргізу кепілдігін қамтамасыз ете отырып, секундына 20 000-нан аса транзакцияны өңдей алатын жаһандық инновациялық процессингілік VisaNet жүйесі арқылы жүргізіледі. Visa банк болып табылмайды, төлем карталарын шығармайды, тұтынушылар үшін комиссиялар немесе пайыздық мөлшерлемелер белгілемейді, сонымен қатар карта ұстаушыларға несиелер бермейді. Өз кезегінде, Visa инновациялық шешімдері қаржы ұйымдарына өз клиенттеріне дебеттік, алдын ала төлем және несие карточкалық өнімдерін қоса, қаржы құралдарының кең таңдауын ұсынуға мүмкіндік береді.

 

Толығырақ ақпаратты www.corporate.visa.com. мекенжайы бойынша таба аласыз.

 

«Еуразиялық банк» АҚ-ның Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)

Inna.Dubrovina@eubank.kz

Visa баспасөз қызметі :
Tayniy Sovetnik Ogilvy PR, Екатерина Сырцова
T: +7 (727) 298 07 68 // M: +7 777 496 34 57
E-mail: katya.syrtsova@ogilvypr.kz
_____________________________________________

1 Шектеулер болуы мүмкін. «Виза Интернэшнл Сервис Ассосиэйшн» (Visa International Service Association) (АҚШ) корпорациясы банктерге Visa төлем карталарын шығаруға, аталған өнімді пайдалануға және/немесе қолданылатын құқыққа сәйкес басқаларының қатарында осы қызметті көрсетуге мүмкіндік береді. Эмитент-банктер қолданылатын заңнама негізінде өнімдер, қызметтер және оларды қолдану бойынша шектеулер белгілеуге құқылы.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.