logo
Қз

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы: алғашқы нәтижелер

Еуразиялық банк – автокредит беру нарығындағы көшбасшы – мемлекеттік жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы бойынша Қазақстан даму банкімен (ҚДБ) серіктестік шеңберіндегі алғашқы жұмыс нәтижелері туралы хабарлайды.

БАҚ мәлімдегендей, жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын іске қосу туралы ақпарат аясында Еуразиялық банктің бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан 180 автосалонындағы кредит беру орындарына жергілікті құрастырудағы автомобильдерді кредитке сатып алу туралы өтінімдер бағдарлама ресми түрде әрекет ете бастағанға дейін-ақ түсе бастады. Клиенттер мен банк серіктестері – Қазақстанның жетекші автоқұрастырушы кәсіпорындарының өтініші бойынша Еуразиялық банк жеңілдікпен автокредит беру туралы өтінімдерді 16 сәуірден бастап қабылдай бастады. 20 сәуірде Еуразиялық банк пен ҚДБ қаражат бөлу туралы келісімге қол қойды, нәтижесінде Еуразиялық банк кредиттік өтінімдерді қарастыруды бастады. Келіп түскен 1927 өтінімнен Еуразиялық банктің скорингтік жүйесі 1162 өтінімді қаржыландыруды мақұлдады. Келесі кезең – ҚДБ-нің мақұлданған кредиттердің бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексеру: номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан артық емес, бұл ретте жылдық тиімді мөлшерлеме (автокөлікті сақтандыру және кепілге ресімдеу шығыстарын қоса) жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс. Кредит беру мерзімі – 5 жылдан артық емес, қарыз валютасы – теңге, бір жеңіл автокөлік бірлігінің құны –  5,6 млн теңгеден артық емес, міндетті бастапқы жарна – сатып алынатын авто құнынан 20%-дан артық емес.

ҚДБ-дан кредит қаражатын алған соң Еуразиялық банк Қазақстанның барлық облыстарының клиенттерінен түскен мақұлданған кредиттік өтінімдерді қаржыландырады. Еуразиялық банктің деректері бойынша жеңілдік шарттарда отандық құрастырудағы автомобильдерді сатып алуға ниет білдірушілердің арасында барынша көп сұранысқа ие Шығыс Қазақстан облысының БИПЭК АВТО кәсіпорнында құрастырылатын Kia және Skoda маркалы (778 жеңілдік кредит) және  Astana Motors-тың  Hyundai маркалы (336 кредит) автомобильдері. Еуразиялық банктің клиенттері арасында таралымы бойынша үшінші орында, сондай-ақ БИПЭК АВТО-да құрастырылатын Chevrolet автомобильдері.

Еуразиялық банктің бөлшек бизнеске жетекшілік ететін басқарушы директоры  Бертран Госсардың айтуынша: «Осы аталған мемлекеттік бастаманың табыстылығы ол басталғанға дейін-ақ айқын болды, оның өзі қазақстандықтардың жаңа көлік пайдасына деген таңдауымен қатар, отандық автоөнеркәсіптің беделін растап отыр. Еуразиялық банк жеңілдік автокредитті өтеуден түсетін барлық қаражатты жеңілдік шарттармен берілетін жаңа кредиттерге бөлінеді деп жоспарлауда».

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін Еуразиялық банкке бөлінген қаржыландыру сомасы 3 млрд теңгені құрады. Еліміздің автокредит беру нарығында нағыз көшбасшы бола отырып, Еуразиялық банк Қазақстандағы әрбір екінші автокредитті қаржыландырды, 2014 жылы клиенттеріне жаңа автокөлік сатып алуға 42 мыңнан аса кредит берді.

 

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 146 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KZRating: KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ, ұлттық шкала бойынша А, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы наградалармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.