logo
Қз

Жаздың басты музыкалық шарасы Павлодарда өтті

Ауқымды фестивальді Brave Talents медиакомпаниясы ұйымдастырды

 

Павлодарда 4 тамыз күні Еуразиялық банк қолдауымен Pavlodar Music Fest алғашқы заманауи музыкалық фестивалі өтіп, оған 10 000 адам жиналды.   Ауқымды фестивальді Brave Talents медиакомпаниясы ұйымдастырды Орталық стадион сахнасында Мира с Жугунусов, Shiza, Akha, abdr., Ayau, Yenlik, 6ellucci мен “Ирина Кайратовна” тобы сияқты танымал отандық орындаушылар өнер көрсетті.

 

Биылғы жаздың басты оқиғасы Павлодарда өткені кездейсоқ емес. Бұл аймақ Еуразиялық банктің Отаны болып саналады: мұнда 30 жыл бұрын Ақсу қаласында 1994 жылы банктің бірінші бөлімшесі ашылды.

 

Еуразиялық банк Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева фестиваль көрермендерін құттықтап: «Біздің банкіміздің Павлодар облысында дүниеге келгенін мақтан тұтамыз. Мұнда талантты адамдар тұрады әрі еңбек етеді. Металлургиялық кәсіпорындарда да, бизнесте де, шығармашылық индустрияда да біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің музыкалық әлемін дүр сілкіндірді. Сондықтан біз бұл қалаға жаңа музыка фестивалін сыйға тартуды шештік. Павлодар — әлем жүрегі!  Меніңше осылай деп біздің хедлайнер Ирина Кайратовнаның репінде айтылады. Барлық қонақтарға Қазақстанның жастығын, шығармашылық әлеуетін, ырғағы мен болашағын бейнелейтін музыканы тамашалауға тілектеспін!».

 

Павлодардың орталық стадионы тек жергілікті тұрғындарды ғана емес, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қонақтарды тарту орталығына айналды. Танымал орындаушылардан басқа, сахнаға өздерінің энергиясы әрі харизмасымен іс-шараға қосымша сергектік пен тамаша көңіл-күй қосқан блогерлер — Темирлан Советов (timartow), Виктория Бельгаева (vikabuza), Дамеля Sweet (damelya_sw) мен Диас SixtyRich (sixtyrich) шықты.

 

Павлодарлықтар атап өткендей, фестиваль атмосферасы ерекше көңіл-күйге толы болды, ал мұндай жарқын оқиға бұл қалада алғаш рет өтуде.

 

«Бұл біздің қала үшін керемет мереке. Көптеген адамдар ән айтып, би билеп кешті тамашалап жатты.  Жанды музыканы тамашалап, отбасымен және достармен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін Еуразиялық банкке  алғыс айтамыз», — деді фестиваль қонақтарының бірі.

 

Еуразиялық банктің Павлодар филиалы директоры Ерболат Ниязбеков: «Pavlodar Music Fest-бұл біз үшін өңірдің мәдени өмірін қолдап қана қоймай, клиенттеріміздің біз үшін қаншалықты маңызды екенін және олардың жағымды эмоцияларын көрудің тамаша мүмкіндігі екендігін атап өтті. Біз павлодарлықтарға осындай ұмытылмас кеш сыйлай алғанымызға қуаныштымыз».

 

Pavlodar Music Fest жастар арасында бірден танымал болып, шығармашылық индустрияны дамытудың маңызды алаңына айналды.

 

«Pavlodar Music Fest бірінші рет өтті және біз бұл идеяны Еуразиялық банкпен бірлесіп жүзеге асырғанымызға қуаныштымыз. Осындай ынтымақтастығымыздың арқасында біз дарынды музыканттарды алға қарай ілгерілетіп, Қазақстандағы фестиваль мәдениетін дамыта аламыз. Еуразиялық банкті 30 жылдығымен құттықтаймыз және адамдарды музыка төңірегінде біріктіретін отандық жобаларды қолдағаны үшін алғыс айтамыз», — деді Brave Talents басқарушы директоры Санжар Асылбек.

 

Brave Talents 2016 жылдан бері жұмыс істеп, шығармашылық индустрияны дамытып келеді. Осы уақыт ішінде компания бірнеше рет «Тикетон» нұсқасы бойынша ең үздік музыкалық фестиваль-Kostanay Music Fest фестивалін, ал қазір Pavlodar Music Fest фестивалін ұйымдастырды.

 

Pavlodar Music Fest қаланың мәдени дәстүрлерін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар осы жарқын оқиғаның бір бөлігі болғандардың жүрегінде ұмытылмас із қалдырып, Қазақстандағы музыка индустриясының жандануы мен өркендеуінің символына айналды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.