logo
Қз

Global Finance бағалауынша Еуразиялық банк 2026 жылы Қазақстандағы саудалық қаржыландыру саласындағы ең үздік банк атанды

Алматы, 2026 жылғы 4 ақпан

Еуразиялық банк Global Finance беделді қаржы басылымы жасаған World’s Best Trade Finance Providers 2026 халықаралық рейтингте Қазақстандағы саудалық қаржыландыру саласының үздігі атағын қайта иеленді.

 

Global Finance редакциялық кеңесі жыл сайынғы, 26-шы сыйлық жеңімпаздарын салалық талдаушылар, корпоративтік басшылар мен қаржылық технологиялар саласындағы сарапшылардың материалдары негізінде анықтады.  Операция көлемі, жаһандық қамту, клиенттік сервис сапасы, бәсекеге қабілетті баға және инновациялық технологиялар – негізгі критерийлер болып есептеледі.

 

Еуразиялық банк Global Finance рейтингінде ұсынылған 100-ге жуық елдер, аумақтар мен округтер арасында 2026 жылғы ең үздік саудалық қаржыландыру жеткізушілерінің тізіміне енді.

 

«Біз өз клиенттерімізге халықаралық нарықтарда тиімді жұмыс істеуге және жаһандық сауданың өзгермелі жағдайларына бейімделуге көмектесетін шешімдер ұсынамыз», — деп атап өтті Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.

 

Global Finance журналы бұрын, яғни 2017, 2020 және 2024 жылдары Банкті бірнеше рет саудалық қаржыландыру саласының көшбасшысы ретінде таныған.

 

Global Finance негізін қалаушы әрі редакциялық директоры Джозеф Джаррапуто атап өткендей,  банктер трансшекаралық сауданы оңтайландыру және операциялардың ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллект, блокчейн және цифрлық платформаларды белсенді пайдаланғандықтан, саудалық қаржыландырудың әлемдік нарығы қарқынды дамып келеді.

 

Оның айтуынша, Global Finance сыйлығы клиенттерге тәуекелдерді тиімді басқарып, сауда операцияларында озық технологияларды пайдалануға көмектесетін ұйымдарға беріледі.

 

Еуразиялық банк кепілдіктер мен аккредитивтер шығару, цифрлық форматта тендерлік кепілдіктер шығару, экспорттық кепілдіктер мен аккредитивтерді авизолау, сыртқы сауда операцияларын, құжаттамалық инкассоны қаржыландыру, саудалық қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді құрылымдаумен қоса, саудалық қаржыландыру саласында толық спектрлі қызметтерді ұсынады.

 

Global Finance — 1987 жылы құрылған әлемнің 186 елі мен аумағында аудиториясы бар халықаралық қаржылық басылым. Журнал стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде корпоративті және қаржы жөніндегі басшыларға бағдар беруші рейтингтер мен зерттеулерді үнемі жариялап отыратын басылым. Global Finance марапаттары әлемдік қаржы қауымдастығындағы сапа стандарттарының бірі ретінде танымал.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.