logo
Қз

Global Finance хабарлауы бойынша Еуразиялық банк Қазақстанның үздік кастодиан-банкі ретінде танылды

Global Finance халықаралық тәуелсіз қаржы журналы Еуразиялық банкін World’s Best Banks Awards 2025 жыл сайынғы рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстандағы «Ең үздік кастодиан-банк» номинациясының жеңімпазы деп анықтады. Бұл туралы баспа сайттарында жарияланған.

 

Қатысушыларды қызмет көрсету сапасы, бәсекеге қабілетті бағалар, стандартты емес жағдайларды жедел шешу, технологиялық платформалар, есеп айырысудан кейінгі операциялар, бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету және жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкестігі сияқты бірнеше негізгі критерийлер бойынша бағалады.

 

«Бағалы қағаздарды кәсіби сақтау шаралары ерекше дәлдік пен сенімділікті,  командамыздың күнделікті ұқыпты жұмысын талап етеді. Мұны әсіресе, тәуелсіз халықаралық сарапшылар бағалағаны тіпті қуантады. «Өз клиенттеріміздің сенімді серіктесі болып қалу үшін біз озық технологиялар мен қызметтерді дамытуды жалғастыра береміз», — деп атап өтті Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева.

 

Global Finance редакция алқасы биыл 83 ел мен жеті өңірге зерттеу жұмыстарын жүргізді.  Деректерді жинау кезінде сарапшылар клиенттердің пікірлерін де ескеріп, банктердің 2024 жылдың 1 қаңтардан мен 31 желтоқсан аралығындағы қызметін бағалады. Кастодиандық операция тиімділігін объективті түрде көруге мүмкіндік беретін  суббкастодиандық қызметтерді пайдаланушылардың пікіріне ерекше назар аударылды.

 

«Кастодиан-банк секторы күннен-күнге өсіп келе жатқан реттеу талаптары мен жаһандық қаржылық операциялардағы рөлінің артуы арқылы стратегиялық бағдарланып, технологиялық сипатқа ие, осыған байланысты қазіргі күні кастодиандар күрделі, өзара байланысты әлемдік қаржы жүйесінде таптырмас кеңесшіге айналды. Global Finance Best Sub-Custodian Bank Awards субкастодиандық қызметтердің жаңа сапа стандарттарын белгілейтін жетекші компанияларды атап өтеді», — деді Global Finance баспагері және редакциялық директоры Джозеф Д.Джаррапуто.

 

Еуразиялық банк — Қазақстанның әлеуметтік маңызды, елдің ең ірі қаржы институттарының ондығына кіретін коммерциялық банк. Автокредиттеу сегментінде сенімді көшбасшы, бөлшек бизнесте де өзіндік орны бар және корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынады. 1999 жылдан бері кастодиандық қызмет сегментінде, заңды және жеке тұлғалардың, инвестициялық пай қорларының активтерін сенімді сақтау мен есепке алуды қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары — брокерлік және басқарушы компанияларға қызмет көрсетіп келеді.

 

Global Finance — 40 жылдық тарихы бар тәуелсіз американдық журнал, бүкіл әлем бойынша банктік рейтинг саласында танымал бедел иесі.

 

Субкастодиан — халықаралық бағалы қағаздар нарығында жасалатын мәмілелер мен  клиенттердің активтерін халықаралық депозитарийлерде сақтауды қамтамасыз ететін  жаһандық кастодианмен серіктестікте жұмыс істейтін жергілікті кастодиан.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.