logo
Қз

EMEA Finance журналы Қазақстанның үздік банкін атады

22.05.2014 ж. – Алматы. Еуразиялық банкEMEA Finance халықаралық экономикалық басылымының марапатын иеленді.  Құрамында әлемдегі жетекші талдаушылар мен кеңес берушілер бар кәсіби біліктілігі жоғары төрешілер Еуразиялық банкке  «Қазақстандағы үздік банк»  атағын берді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі  Варшавада өтті. Еуразиялық банктің атынан Басқарма төрағасының орынбасары Роман Машчык қатысты.

Ол бұл журналдың марапаты қаржылық салада айтарлықтай беделді болып саналатынын және халықаралық деңгейдегі сенімді абырой-беделі туралы куәландыратынын атап өтті.  Рейтингті құрастыруға әлемдегі жетекші талдаушылар мен кеңес берушілер  қатысады. Олар қаржылық институттарды тек негізгі қаржылық көрсеткіштерінің серпіні бойынша ғана емес, сонымен қатар бизнестің өсу қарқынымен, бизнестің теңгермешілдігімен және инновациялық өнімдерінің болуымен салыстырып тексереді. «Еуразиялық  банк бірнеше жылдардан бері жақсы қаржылық нәтижелер көрсетіп келеді және соңғы 2013 жыл соңғысы емес. Берілген  марапат – қазақстандық нарықта көшбасшылықты сақтап келе жатқан Еуразиялық банктің барлық командасының  қызметіне берілген шынайы баға», – дейді  Роман Машчык.

 

EMEA Finance пікірі бойынша, Еуразиялық банк өткен жылы үздік нәтижелер көрсетті. «Бәсекелестік жағдайында дами отырып, Еуразиялық  банк  EMEA Finance командасын жедел даму қарқынымен және нарықта үлесінің өсуімен таң қалдырды», – деп түсіндіреді банктің жеңісін  EMEA Finance редакторы Тим Берк. –  «Активтердің және таза пайданың өсуі Банктің күшті нарықтық айқындамасын көрсетеді, сондықтан біз оны жеңімпаз атадық».

 

Міне алты жылдан бері EMEA Finance  журналының сарапшылары  Азия, Еуропа және  Африка елдеріндегі айтарлықтай алдыңғы қатарлы банктерді анықтайды. Шешім ресми есептердің, ашық көздердегі банк туралы ақпараттардың негізінде, сондай-ақ өңірлердегі нарықтардың жағдайын EMEA  Finance  журналының сарапшыларының өздерінің жеке талдауларының негізінде қабылданады.

 

Банктің оң болжамын  Standard & Poor’s  халықаралық рейтингтік агенттігінің талдаушылары да растайды. Ертеректе Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша  Asian Banking & Finance  Қазақстанның үздік банкі  және 2012 ж.  Қазақстандағы жыл банкі – The Banker – номинацияларындағы марапаттармен расталған.


Анықтама
:  
Еуразиялық банк АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.