logo
Қз

Испандық мотошабандоз Хорхе Лоренцоның жеңістері қазақстандықтардың пайдасына

Еуразиялық банк Visa Turbo және MotoGP карталарының иелеріне тамыз айында төленген кэшбэкті* арттырады. Стандартты кэшбэк* мөлшері осындай карталардың көмегімен әр сатып алу үшін 0,5%-ды құрайды, ал Хорхе Лоренцоның Арагонада өткен жарыстардағы жеңісінің құрметіне Еуразиялық банк  кэшбэкті 1%-ға дейін арттырады. Қосымша кэшбэк клиенттердің шоттарына қазан айында есепке алынады.

Мұндай сыйлық  Yamaha Movistar MotoGP командасының атақты испандық мотошабандозы Хорхе Лоренцоның жеңісінің арқасында мүмкін болып отыр. Еуразиялық банктің ресми бейнесі болып табылатын Лоренцо өткен демалыста MotoGP дәрежесіндегі тасжол-айналма мотожарыстары бойынша Әлем чемпионатының 14-кезеңінде жеңіске жетті. Жарыс испандық Арагон қаласында өткізілді, ал Хорхенің бұл қатысуы корольдық санаттағы Гран-при мотожарыстары тарихындағы мерейлі 800-інші болып отыр.
2014 жылы Еуразиялық банк мотожарыс тақырыбымен жаңа өнімдер тізілімін, соның ішінде  Turbo-депозит (күн сайын сыйақы есептеумен) және Қазақстанда алғаш рет кэшбэк* функциясымен Turbo және MotoGP карточкаларын қолданысқа енгізді. Әлемге аты әйгілі  Хорхе Лоренцо ақша қаражатын жедел есептеуге және жедел қызмет көрсетуге негізделген   жарнамалық науқанның символы болды.
Әдетте Еуразиялық банк Visa Turbo және MotoGP карталарының көмегімен жасалған кез келген сатып алу құнынан шотқа 0,5%-ды қайтарады. Хорхе жарыста жеңген жағдайда кэшбэк* артады. Егер Хорхе Лоренцо бірінші орынды жеңетін болса, онда шотқа тағы 0,5% қайтарылады, ал «күміс» пен «қола» үшін Еуразиялық банктің клиенттері 0,25 %-ды және 0,15 %-ды иеленеді.

«Хорхе – үздік шабандоз! Біз оның жеңісін мақтан етеміз және оны клиенттерімізбен бірге мерекелейміз. Жақын арада тартымды талаптармен және үздік кэшбэкпен сипатталатын  MotoGP жарыстары стиліндегі жаңа карточкалық өнімдерді іске қосуды жоспарлап отырмыз, – дейді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.
MotoGP чемпионатының келесі кезеңі Жапонияда өтеді. Шабандоз Хорхе Лоренцоның ағымдағы жылдың соңына дейін Еуразиялық банктің клиенттерін қосымша кэшбэкпен 12, 19, 26 қазанда және 9 қарашада қуантуға қосымша 4 мүмкіндігі болады. Сондай-ақ жақында Хорхе Лоренцо тағы да Қазақстанға келеді. 5 қазанда Sokol жарыстар трегінде Superbike Challenge – айналма мотожарыстар өтеді және төрт дүркін әлем чемпионы осы шараны қолдауға келмекші.
*ағылш.cashback – карта арқылы жұмсалған ақшаның бір бөлігін қайтару


Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.