logo
Қз

Басты өзгерістерге шолуды ұсынамыз

Әрі қарай заңды тұлғалар қатысында жасалған өзгерістер беріледі.

 

  1. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VІ Заңы (бұдан әрі — Заң).

    Заңның 1-бабы 3-тармағының 8-абзацына сәйкес, Заңның 1-бабының 4-тармағына сәйкес ҚР бейрезиденттері деп танылатын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес шетелдік қаржылық емес ұйымдардың ҚР-дағы тұрақты мекемелері (ТМ) болып табылатын осындай шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

Жоғарыда келтірілген нормада айтылғандай,  шетелдік қаржылық емес ұйымдардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Заң бойынша  2019 жылғы 1 шілдеден бастап резиденттер бола алмайды. Салық кодексіне сәйкес тек ТМ болып табылатын филиалдар (өкілдіктер) ғана салықтық реттеу мақсаттары үшін резиденттер деп танылады. Бұл ретте резиденттер мен шетелдік қаржылық емес ұйымдардың резиденттерге жатқызылған филиалдары (өкілдіктері) арасындағы есеп айырысулар, 2019 жылғы 01 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша есеп айырысуларды қоспағанда, тек ұлттық валютада (теңге) жүзеге асырылуы тиіс болады.

 

  1. 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі — 42 Қағидалар).

 

1) 42 Қағидалардың 10-тармағына сәйкес, егер экспорт және импорт (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) жөніндегі валюталық шарттардың сомасы 50 000 АҚШ долларының баламасынан асатын болса, мұндай шарттарға есептік нөмір беріледі.   Бұл ретте 42 Қағидалардың 63-тармағына сәйкес, егер  экспорттаушының немесе импорттаушының баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ  долларынан асатын 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша  қолданыстағы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарты болса,  экспорттаушы немесе импорттаушы уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалына Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмейтін мерзімде, бірақ мұндай шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды.

2) 42 Қағидалардың 27-тармағына сәйкес басқа банкке ауысқан кезде Шарт бойынша жаңа есептік нөмір берілмейді.

3) 42 Қағидалардың 32-тармағына сәйкес есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке іскерлік қатынастарды КЖТҚК туралы заңның 13-бабы негізінде бұзуға рұқсат беріледі, бұл ретте экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден шығару үшін негіз – 42 Қағидалардың 48-тармағының 22) тармақшасы.

4) 42 Қағидалардың 11-тармағына сәйкес экспорттаушы немесе импорттаушы валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды. Бұл ретте осы норманың талаптары бұзылған жағдайда уәкілетті банк 40 Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бұзушылық жөніндегі карточкаға сәйкес өзіне мәлім болған ҚР валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

 

III. 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі — 40 Қағидалар).

 

1) 40 Қағидалардың 11-тармағына сәйкес резидент — заңды тұлға/ шетелдік қаржылық емес ұйымның резидент-филиалы (өкілі) корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып баламасы 50 000 АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға жүргізетін операциялар бойынша осындай төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті банкке құжаттарды ұсыну міндеттемесі белгіленеді.

2) 40 Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге бағытталуы мүмкін және Заңның 21-бабының 2-тармағында айқындалған валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын резидент уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына беруге рұқсат беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.

3) 40 Қағидалардың 14 және 15 тармақтарына сәйкес резидент және бейрезидент баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға Заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға жататын төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде 40 Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы мәліметтер береді. Бұл ретте 40 Қағидалардың 16-тармағына сәйкес уәкілетті банктің мәліметтерді клиент ұсынған құжаттардың негізінде өзі дербес көрсетуіне жол беріледі.

4) 40 Қағидалардың 19-тармағына сәйкес резидент-заңды тұлғалар шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға  бір уәкілетті банктен бір операция күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға сатып алады. Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға шетел валютасын шетел банктеріндегі меншікті шоттарға аудару, шетел валютасындағы өтеусіз аударымдар, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі шоттарға орналастыру жатады. Бұл ретте  төменгі шектік мәні бір жүз мың АҚШ долларының баламасынан асқан жағдайда уәкілетті банк операцияны жүргізуден бас тартады.

5) 40 Қағидалардың 21-тармағына сәйкес резидент-заңды тұлға баламасы бір жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алуға өтінім берген кезде шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын көрсетеді, сондай-ақ валюталық шартты ұсынады. Бұл ретте уәкілетті банк өтінімде көрсетілген шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын растайтын валюталық шартпен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде Шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу қағидаларына сәйкес бұрын жүзеге асырылған қолда бар мәліметтермен салыстырып тексереді.

Бір валюталық шарт бойынша резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алудың жалпы сомасын валюталық шарттың сомасынан асыруға рұқсат етілмейді.

6) 40 Қағидалардың 22-тармағына сәйкес резидент-заңды тұлға Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ол бойынша бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы пайдаланылатын міндеттемелерді орындау мақсатында басқа валюталық шарттың көшірмесімен қоса қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған, бұрын ресімделген өтінімге қосымша өтінімді уәкілетті банкке ұсынған кезде басқа валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты өзге де мақсаттарға пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл ретте қосымша өтінімді беру уәкілетті банктің бақылауында болады.

 

  1. 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі — 64 Қағидалар).

 

1) 64 Қағидалардың 9 және 18 тармақтарына сәйкес капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт (және шетелдік банктерде шоттарды ашу) есептік тіркелуге тиіс, оның шеңберінде мыналар көзделеді: баламасы бес жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға мүліктің (ақшаның) ҚР-ға түсуі /мүлікті (ақша аударымын) ҚР-дан беру (сондай-ақ шарт сомасын көрсетусіз валюталық шарттар). Есептік тіркеуге өтініш беру мерзімдері — міндеттемелерді орындау басталғанға дейін / шетелдік банкте шотты пайдаланумен операциялар жүргізгенге дейін. Бұл ретте валюталық реттеу оңтайландырылған, 64 Қағидалардың 45 және 47-тармақтарында көрсетілгенді қоспағанда, 64 Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі (ТК)/ хабарлама туралы куәлік (ХК) алынған валюталық шарттар немесе шетелдік банктегі шот есептік тіркеуге қабылданды деп саналады.  Резидент капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін өзінің тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлға үшін) не орналасқан (заңды тұлға үшін) жері бойынша орналасқан Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасайды.

 

Әрі қарай жеке тұлғалар қатысында жасалған өзгерістер беріледі.

 

  1. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VІ Заңы (бұдан әрі — Заң).
  2. 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі — 40 Қағидалар).
    III. 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі — 64 Қағидалар).

1) 40 Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 7-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлға уәкілетті банкте шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай, Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады. Бұл ретте Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес капитал қозғалысы операциялары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ осы Заңға сәйкес есептік нөмірді алу қажет болатын валюталық шарттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар арқылы ғана жүзеге асырылады.

2) 40 Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жүргізілуі Қазақстан Республикасынан ақшаны әкетуге бағытталуы мүмкін және Заңның 21-бабының 2-тармағында айқындалған валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы ақша жөнелтуші немесе ақша алушы болып табылатын резидент уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына беруге рұқсат беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.

3) 40 Қағидалардың 14 және 15 тармақтарына сәйкес резидент және бейрезидент баламасы елу мың АҚШ долларына тең болатын немесе одан жоғары сомаға Заңның 15-бабына сәйкес хабарлауға жататын төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде 40 Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы мәліметтер береді. Бұл ретте 40 Қағидалардың 16-тармағына сәйкес уәкілетті банктің мәліметтерді клиент ұсынған құжаттардың негізінде өзі дербес көрсетуіне жол беріледі.

4) 64 Қағидалардың 9-тармағына сәйкес капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарт есептік тіркелуге тиіс, оның шеңберінде мыналар көзделеді: баламасы бес жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға мүліктің (ақшаның) ҚР-ға түсуі /мүлікті (ақша аударымын) ҚР-дан беру (сондай-ақ шарт сомасын көрсетусіз валюталық шарттар). Есептік тіркеуге өтініш беру мерзімдері — міндеттемелерді орындау басталғанға дейін. Бұл ретте валюталық реттеу оңтайландырылған, 64 Қағидалардың 45 және 47-тармақтарында көрсетілгенді қоспағанда, 64 Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі (ТК)/ хабарлама туралы куәлік (ХК) алынған валюталық шарттар есептік тіркеуге қабылданды деп саналады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.