logo
Қз

ҚАЗАҚСТАНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК ӨНЕРІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АРТ-ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

«Еуразиялық банк» АҚ Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстанның суретшілеріне арналған кең ауқымды қайырымдылық арт-жобаның басталғанын хабарлайды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі барлық талантты жандар конкурсқа қатыса алады және қоғамға танылып қана қоймай, қомақты ақшалай ұтысқа ие бола алады.

Аталған жобаның мақсаты Қазақстанның шығармашылық талант иелерін қолдау, бейнелеу өнерінің осы заманауи бағытын дамыту және заманауи өнер мұражайларын құру болып табылады.

 

Өңірлік гранттың 18 жеңімпазы өз туындыларын Алматыдағы заманауи өнер мұражайында ұсынады және бірнеше мың доллар көлеміндегі қомақты ақшалай сыйақыға қол жеткізумен қатар, ұлттық грант – бес мың долларды жеңіп алу құқығын да иеленеді.

Арт-жобаның гранттық қоры 45 мың доллардан асады. Оған қоса, Еуразиялық конкурс жеңімпаздарына 18 VISA Gold төлем карточкаларын ұсынады.

 

Беделді әділқазылар мен Банк басқармасының пікірлері бойынша үздік деп танылған суреттер, сондай-ақ Еуразиялық Банктің жаңа шығарылымындағы VISA пластикалық карталар бетінде жарияланатын болады да – бүкіл әлем қазақстандық суретшілердің туындыларын тамашалай алады!

 

Арт-жоба бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде (2011 жылғы 1 шілдесінен – 30 тамыз аралығында) жоба сайтында (art.eubank.kz) ғаламтор арқылы дауыс беру жүргізіледі. Кез келген адам сайтқа кіріп, ұнаған туындыға дауыс бере алады. Екінші кезеңде өңірлік және ұлттық іріктеу жүргізіледі. Әр қаладағы әділқазылар жеңімпазды анықтайды және әрқайсысы $2,000 көлеміндегі өңірлік грант алады.

 

Алматыда нәтижесінде $5,000 ұлттық грант иегері анықталатын финал болады. Жеңімпаз қыркүйек айының екінші жартысында Алматыда өтетін салтанатты кеш барысында жарияланады.

 

Марапаттау рәсімінде жобаның барлық финалистері, сыйлы қонақтар, банктің VIP клиенттері, басқарма мүшелері мен БАҚ қатысады деп күтілуде.

 

«Еуразиялық банк» АҚ 1994 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелді. Еуразиялық банк өз жұмысында тұрақтылықты, қаржылық сенімділікті, клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсетуді және заманауи банк технологияларын енгізуді негізгі тірек етеді.

 

Қазіргі таңда Еуразиялық банк еліміздің қаржы нарығының белсенді қатысушысы. Банк негізгі мақсаты клиенттік базаны кеңейту, банкті филиал желісі дамыған, ашық, әмбебап қаржы институына айналдыру болып табылатын стратегияны жүзеге асыруда. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында Банктің 18 филиалы мен 49 бөлімшесі бар (www.eubank.kz ).

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.