logo
Қз

Қазақстандық «Еуроазиялық Банк» АҚ рейтинг бойынша болжамдары «Тұрақтыға» қайта қаралған

Қазақстандық «Еуроазиялық Банк» АҚ рейтинг бойынша болжамдары активтер сапасына қатысты оң үрдістерді ескеріп «Тұрақтыға» қайта қаралған; несие рейтингтері «В/В» деңгейде расталған.

  • Біздің көз қарасымыз бойынша Қазақстан Республикасы экономикасының сенімді қалпына келуі және осы елде банк қызметін жүргізу шарттарын жақсарту жоғары несие қауіптерінің үш жылдық аралығынан кейін «Еуроазиялық Банк» АҚ активтер сапасына қысымның төмендеуіне септігін тигізді.
  • Осыған байланысты біз рейтинг бойынша банк болжамын «Келеңсізден» «Тұрақтыға» қайта қарастыру үстіндеміз және ұлттық шәкіл бойынша «kzBB»-тен «kzBB+» дейін рейтингті көтереміз.
  • Сонымен бірге, біз Еуроазиялық банктің несие рейтингтерін «В» деңгейін растаймыз.
  • «Тұрақты» болжам банктың бизнес жиынына және қаржылық сипаттамаларына сыртқы қысымның төмендеуі туралы және банк пайдалылығы мен активтер сапасының жақсаруы туралы біздің көз қарасымызды көрсетеді.

Лондон (Standard & Poor`s), 27 қаңтар 2011 ж. Standard & Poor’s несие рейтингтерінің қызметі қазақстандық «Еуроазиялық Банк» АҚ рейтинг бойынша болжамдары «Келеңсізден» «Тұрақтыға» қайта қарады. Сол уақытта «B/B» деңгейде бақылау агентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтері расталды. Ұлттық шәкіл бойынша рейтинг «kzBB» – тан «kzBB+» – дейін көтерілген.
Болжамды қайта қарау Қазақстан Республикасы экономикасының сенімді қалпына келуімен (шетел валютасында міндеттемелер бойынша рейтинг: BBB/Тұрақты/A-3; ұлттық валютасында міндеттемелер бойынша рейтинг: BBB+/Тұрақты/A-2; ұлттық шәкіл бойынша рейтинг: kzAAA), сонымен қатар осы елде операциялық ортаның тұрақтануымен шартталған. (2011 жылы 21 қаңтарда RatingsDirect басылып шыққан «Рейтингтер бойынша болжам «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және AsiaCredit Bank АҚ «Тұрақтыға» қайта қаралған; рейтингтер расталған» пресс – релизді қараңыз)
«Рейтингті әрекеттер Еуроазиялық банктің пайдалылығы және активтер сапасына қатысты бақыланатын оң үрдістерді, және қорлау мен өтімділік ұстанымдарын көрсетедіи», — деп хабарлады Standard & Poor’s несие талдаушысы Аннет Эсс.
Екроазиялық банк орташа өлшемдегі коммерциялық банк ретінде ұсынылады. 2010 жылдың 30 қыркүйек айының күйі бойынша оның активтері 336 млрд теңге (шамамен 2,2 млрд долл.) құрады, ол қазақстандық банк секторының жалпы активтерінің 2,9% құрады. Банктың негізгі меншік иелері үш қазақстандық бизнесмендер болып табылады — Александр Машкевич, Әлімжан Ибраһимов және Патох Шодиев, сонымен бірге оларға Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ВВ+/Тұрақты/В) компаниясының 44% акциялары тиесілі, ол Лондонның қор биржасында листингке ие.
Банк акционерлерінің іскер байланыстарының арқасындағы пайдаланылатын артықшылықтарға қарамастан осы банктің меншікті біздің несие қабілеттілігін бағалауымыз рейтинг деңгейін көрсетеді, «қосымшасыз» мемлекет немесе аналық топ тарапынан қолдау үшін оны алу мүмкіндігі біздің көз қарасымыз бойынша анықталмаған.
Батыс және қазақстандық қаржылық ұйымдарда жұмыс тәжірибесіне ие жаңа басқару командасы өз жұмысын 2009 жылдың соңында – 2010 жылдың басында банк қызметін активтер сапасын жақсартуға және пайдалылықтың анағұрлым жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге шоғырландырып бастады. Нәтижесінде мәселелі несиелер үлесі (90 күннен асатын мерзімге уақытын өткізіп алған) 2009 жылдың соңындағы 10,6%-дан 2010 жылдың соңына 7,4%-ға дейін төмендеді, сол уақытта қайта құрылымдалған несиелер үлесі осы аралықта 31,4% – дан 25,0% – ға дейін азайды. (Біздің құнсыздану белгілері бар несиелер анықтамасы төлемдерін 90 күннен асатын мерзімге уақытын өткізіп алған мәселелі несиелермен бірге, қайта құрылымдалған несиелерді де өз бойына жатқызады). Осы оң үрдістер мәселелі берешектерді өтеу бойынша және жаңа несиелерді бергенде анағұрлым қатаң андеррайтингті процедураларды пайдалану, сонымен қатар құрылыста және жылжымайтын мүлік операцияларында (2010 жылдың 30 қыркүйек айына жалпы несиелердің 10 пайызы) жұмыс жасайтын копанияларға берілген жоғары қауіпті несиелерде біршама жоғары қоспалылықпен (банк секторы бойынша орташадан төмен) банктің күш – жігерімен қолдау алды. Несиелер бойынша резервтеуге децін банк қажеттілігі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы маңызды қысқарды.

«Несиелер/клиенттерге несиелер бойынша мүмкін болатын жоғалтуларға қорлар» қатынас 11,7% құраған, 2010 жылдың 30 қыркүйегіне сектор бойынша орташадан төмен болды.
Біздің көз қарасымыз бойынша банктің әлсіз капитализациясы бұрынғыдай негізгі келеңсіз рейтингті факторлардың бірі болып қалады. Қауіпті есеп алып (risk-adjusted capital — RAC) құрастырылған капитал коэффициенті 2009 жылдың соңында біздің бағалауымыз бойынша шоғырлану қауіпіне түзетуге дейін 3,8 % және осы түзетулерді есепке алғанда 2,9% құрады, және Standard & Poor’s (дефолтқа жол берген банктарды есептемегендене) рейтингіне ие қазақстандық банктар арасында ең төменгісі болды. 2010 жылдың 30 қыркүйек айындағы күйі бойынша «түзетілген меншікті капитал/ түзетілген активтер» көрсеткіші де төмен болды және не бары 7,05% құрады. 2010 жылдың аяғына 1 – деңгейдің капитал жеткіліктігінің және қосынды капитал көрсеткіштері сәйкесінше 7,8% және 14,6% құрады. Капиталды 2011 жылдың екінші жартысында 50 млн. долларға және тағы 2012 жылы 50 млн. долларға ұлғайту ұсынысы, ол несиелеудің жоспарлы өсімін қолдау керек, капитал тиімділігі көрсеткіштерін (return on equity — ROE) минимал жеткілікті капиталдау деңгейінде максималдауға бағытталған банк стратегиясын көрсетеді. Сонымен бірге тиімділіктің төмен деңгейі пайданың жеткілікті қорын құруға жағдай жасамайды. Еуроазиялық банк 2010 жылдың екінші жартысында тиімді бола бастады, және біз банктың 2010 жылдың қорытындысы бойынша азғантай пайда алуын күтудеміз.
Біздің көз қарасымыз бойынша банк өтемділіктің жеткілікті көрсеткіштеріне ие: 2010 жылдың қара айының соңында өтемділік активтердің үлесі шамамен 30% құрады, алайда біз оның төмендеуін күтудеміз, себебі банк активтердің тиімділігін жоғарылатуға ұмтылуда. Осындай депозиттердің несиелерге қатынасында (2010 жылдың 30 қыркүйектегі күйі бойынша 87,9%) — Standard & Poor’s рейтингіне ие қазақстан банктерінің арасында ең жоғарғыларының бірі болып табылады. Банк іс жүзінде халықаралық қарызға иесіз.
«Тұрақты» болжам біздің пікірімізше экономикалық өсу беталыстарын жақсарту және операциялық ортаны тұрақтандыру арқасында банктің несие қабілеттілігінің көрсеткіштері келеңсіз әсерлерге жеткілікті тұрақты болады деп анықталады. Байқалып отырған үрдістердің созылуының арқасында кейбір капиталдау көрсеткіштерінің жақсаруын күтудеміз: акционерлер тарапынан капиталға ықпал және активтер сапасының жақсаруы, капиталдың ішкі генерациялау қабілеттілігінің жоғарылауы», — деп қосты Эсс ханым.
Еуроазиялық банк рейтингтері егер оның активтер және капиталдау сапасының көрсеткіштері нашарласа немесе қорлау деңгейі жеткіліксіз болса төмендетілуі мүмкін. Рейтингтерді көтеруге қажетті шарттар — бұл капиталдауды маңызды ұлғайту, 7% асатын деңгейге дейін RAC көрсеткішін жеткізу, әрі қарай құнсыздану белгілері бар несиелер көлемін қысқарту, пайдалылықтың маңызды жоғарылауы және жеткілікті өтемділіктің қолдап отыру.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.