logo
Қз
Казпочта и Евразийский банк подписали меморандум о сотрудничестве (фото 1)

Қазпошта мен Еуразиялық банк ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

9 наурыз 2023 жыл, Алматы қ.

 

«Қазпошта» және «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамдары Қазпошта мен Еуразиялық банктің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу бойынша өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық қаржылық қызметтердің сапасын жақсартуға, ыңғайлылыққа және екі компанияның клиенттері үшін уақытты үнемдеуге бағытталған.

 

«Қазпоштада бүкіл Қазақстан бойынша 500-ден астам банкомат бар, оның ішінде аудандық орталықтардағы бөлімшелерде. Еуразиялық банктің банкоматтар желісі біздің клиенттеріміз үшін сапалы қаржы қызметін алу мүмкіндігін кеңейтеді. Еуразиялық банк пен Қазпошта бұған дейін де жедел төлемдер жүйесі (ЖМЖ) бойынша ынтымақтастық орнатқан. Біз клиенттерімізге төлем карталарын пайдалануда қолайлы жағдайлар болуы үшін қаржы институттарымен серіктестікке ашық екенімізді айтқым келеді», – деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

 

«Еуразиялық банктің бүкіл Қазақстан бойынша 500-ге жуық банкоматы бар, ал 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін, біз cash-in функциясы бар банкоматтар паркін ауқымды жаңартуды және кеңейтуді жүргізбекпіз. Бизнеске клиенттерге ыңғайлы болу үшін, өзара іс-қимыл және өзара тиімді серіктестік тетіктерін бекіту маңызды деп ойлаймын. Қазпошта банкоматтар желісі, үлкен қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, шалғай өңірлерде де Еуразиялық банк карталарын ұстаушыларға, қолма-қол ақша алу географиясын кеңейтеді және керісінше, Қазпошта карталарын ұстаушылар Еуразиялық банктің қазіргі заманғы банкоматтар желісінде қолма-қол ақшаны кедергісіз алуға мүмкіндік береді», – дейді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

 

Анықтамалық ақпарат:

 

«Қазпошта» АҚ — Қазақстан Республикасының ауылдық елдімекендерден ірі қалаларға дейінгі географиясын барынша қамти отырып, пошта, агенттік және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ұлттық пошта байланыс операторы. Артықшылықтары — тармақталған  филиалдық желілердің арқасында қызметтердің қолжетімділігі. Өзінің жеке процессингтік орталығы бар. Еліміздің барлық елдімекендерінде филиалдардың болуы халық пен бизнесті түгелдей қамтуға мүмкіндік береді.

 

«Еуразиялық банк» АҚ – әлеуметтік маңызы бар қаржы институты, қазақстандық банктер арасында активтерінің көлемі бойынша жетінші орын алады. Банк бөлшек банкинг нарығында жетекші орында және корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Moody’s – B2 шкаласы бойынша, банк рейтингісінің болжамына қатысты 2022 жылдың 15 желтоқсанында «оң» баға берілді. Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).

 

«Қазпошта» АҚ PR қызметі

sadvakasova.m@kazpost.kz

post.kz

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR қызметі

press@eubank.kz

eubank.kz

 

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.