logo
Қз

Клиенттер виртуальдық банкингті таңдау

20.05.2014, Алматы. Еуразиялық банктің интернет-банкингін пайдаланушылардың саны жарты жыл ішінде екі есеге жуық көбейді. Қазір интернет – банкингте 97 000 мыңнан аса клиенттер бар. Клиенттер Евразиялықтың интернет-банкингінің басымдылықтарын бағалауда: қолайлы интерфейс пен функционал – Смартбанк арқылы кез келген уақытта операциялар жасауға, кезекке тұрмай-ақ аударымдар жіберуге, 140-тан аса жеткізушілердің қызметтеріне ақы төлеуге болады. Мұның барлығы да  абоненттік төлемдерсіз және төмен тарифмен.

 

Клиенттердің саны жағынан Алматы көшбастауда – жалпы пайдаланушылардың 15%-ы алматылықтар, екінші орында Рудный қаласы – 10%, үшінші орында  Ақтөбе  – 9%.

 

«Таяудағы күндері күтіп отырған атаулы 100’000-клиентке Еуразиялық банк шын көңілмен  Samsung Galaxy S5 сыйға тартады», – деп әңгімелейді Еуразиялық банктің Пластикалық карталар және баламалы сатылым арналары департаментінің директоры Татьяна Бурнакина. «Біз үнемі Смартбанкты жетілдіру үстіндеміз, күнделікті жаңа сервистер мен қолайлы функциялар қосудамыз.  Ең кеңінен тараған қызметтер ақша аударымдары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, ұялы байланыс операторы және интернет қызметтері болып отыр. Жақында біз Смартбанкке  интернет арқылы қосылу мүмкіндігін енгіздік».

 

Еуразиялық банк осы жазда iOS, Android, Windows платформаларында жұмыс істейтін ұялы байланыс қосымшаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Қазір оны әзірлеушілер тестілендіруде. Қосымша таяу маңдағы Банктің бөлімшелерінің мекенжайын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге кезекте тұратын уақытты да есептеп беретін геолокация функциясымен жарақтандырылған.

 

Анықтама:  
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.