Алматы, 2019 жылғы 7 тамыз, Еуразиялық банк клиенттерге 5 млрд теңге сомасына алғашқы 4 жобаны мақұлдап, «Қарапайым заттар экономикасы» отандық кәсіпкерлер үшін кредиттерді субсидиялау бағдарламасына қосылды. Кредиттеудің жалпы көлемі 70 млрд теңге мөлшерінде болады деп жоспарлануда.
Республикалық бюджеттен 600 миллиард теңге бөлінген, ірі қазақстандық банктердің қатысуымен мемлекеттік бағдарлама қазақстандық бизнеске қолдау көрсету және күнделікті сұранысқа және тұтынуға ие тауарлар мен қызметтерді өндіруді ынталандыру мақсатында қабылданды.
Банктік пайыздық мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялау механизмі клиенттерге жылдық 6%-бен кредитті алуға мүмкіндік береді. Кредиттеу инвестициялық мақсаттарға және айналымдағы капиталды толықтыруға 7 жылға дейін мерзіммен жүзеге асырылады. Сонымен қатар бағдарламаның аясында кәсіпкерлер DAMU қорының кепілдігін ала алады.
Қайта өңдеу өнеркәсібінде, аграрлық-өнеркәсіптік секторда әртүрлі тауарларды өндіруде жұмыс істейтін, сондай-ақ туризм, қонақ үй бизнесі, қоймалық инфрақұрылым және білім беру салаларында қызметтерді көрсететін клиенттер бағдарламаның қатысушылары бола алады.
«Бағдарлама өз бастамасын тапқаннан бері жеңілдікті қаржыландыруға үміттенетін экономика салаларының тізімі кеңейді. Осы жағдайды біз біздің кәсіпкерлер үшін үлкен артықшылық деп білеміз», — деп айтты Еуразиялық банктің Корпоративтік бизнес басқармасының бастығы Алан Ешкеев.
Осы бағдарлама бойынша қаржыландыруға өтінімдер Еуразиялық банктің барлық филиалдарында қабылданады. Бағдарламаның талаптарымен банктің сайтында таныса аласыз.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
eubank.kz