logo
Қз

Көкшетау қаласында Еуразиялық банктің жаңа филиалы ашылды

Бүгіннен бастап Ақмола облысының тұрғындары Еуразиялық банктің барлық қаржылық қазметтерін заңды және жеке тұлға ретінде пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа филиалдың ашылу салтанатына банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон қатысты.

Еуразиялық банк еліміздегі іргелі деген қаржы институттарының бірі. 1994 жылдан бері тұтынушыларына тұрақты қызмет етіп келеді. Актив көлемі 479 млрд теңгеден астам. Қазақстанның барлық аймақтарында 20 филиалы бар. Көкшетаудан жаңа филиалдың ашылуы, бәсекелестік нарығындағы қадамды ұзартып отыр.


Майкл Эгглтон, Еуразиялық банктің басқарма төрағасы:


-Біз жыл санап жаңалану, даму үстіндеміз. Тұтынушыларымызға сапалы қызмет көрсету, уақытын үнемдеу бірінші кезекте. Біртіндеп жаңа технологияларды ендіруге көшіп отырмыз. Жаңа ашылған филиал да, Ақмола облысының тұрғындарына қалтықсыз қызмет көрсетеді деп сенемін.

Филиалдың ашылуымен бірге 75 адам жұмысқа қабылданды. Халықаралық сапаға жауап беретін банк қызметкерлері, біліктіліктерін арттырып келгендер. Ал алғашқы тұтынушыға банк басшылығы арнайы сертификат ұсынды.

Владимир Гришенка, Жеке кәсіпкер:


-Біз 102 млн теңгедей несие алайын деп отырмыз. Қазір пайыздық ставкалары келісіліп жатыр. Менің ойымша басқа банктерге қарағанда өте тиімді болмақ пайызы.

Сондай-ақ, слатанатты жиында Банк пен жергілікті билік арасындағы мемарандумға қол қойылды. Бұл бойынша екінші деңгейлі банк мемлекеттік бағдарламаларға демеу көрсетіп, ауылшаруашылығы саласы, шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолға алмақ.

Сейтжан Ермекбаев, Еуразиялық банк басқармасы төрағасының орынбасары:


-Барлық бағдарламалар бойынша өте белсенді жұмыс жасаймыз. Мысалы даму бағдарламасы бойынша қоржынымыз, 70 млд-қа тең. Оның ішінде 2500 проектілеріміз бар. Осы өңірде банктің, филиалдың ашылуымен тағы да жұмысымызды, клиентерімізді көбейтеміз деп үміттенеміз.

Филиал ғимараты Көкшетаудың қақ ортасында орналасқан. Тұтынушылардың келуіне, көліктерін қоюларына ыңғайлы жағдай жасалған. Ал жеке тұлғалардың уақытын үнемдеу үшін, жыл соңына дейін, несие қабылдайтын бес терминал орнатылмақ. Сондай ақ Ақмола облысының аудандарынан бөлімшелер ашу жоспарланып отыр.

 

 

 

Источник: Жасұлан Әбдіхалық, Евгений Шинкаренко, «Хабар», Көкшетау қаласынан

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.