logo
Қз

Банк акционерлері туралы жалған ақпаратқа түсініктеме

Бірқатар интернет-басылымдары Еуразиялық банк иелеріне қатысты жалған және жала жабуға жол берген. Осыған орай, «Еуразиялық банк» АҚ құрылған күнінен бастап акционерлері 2009 жылы «Еуразиялық қаржы-өнеркәсіптік компания» АҚ қайта құрылған «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ болып табылатынын айту қажет деп санаймыз. Бұл компанияның иелері: Мукадасхан Ибрагимова (2021 жылға дейін — Алиджан Ибрагимов), Патох Шодиев, Александр Машкевич. Олардың әрқайсысына 33,3% акция тиесілі.

 

Интернет-басылымдардағы жарияланымдарда аталған тұлғалардың (Нигматулиндер отбасы) бұрын-соңды банкпен байланысы болмағанын және оларға қатысы жоқ екенін айтып өткіміз келеді. Атап айтқанда, олар банктің кепіл мүлкін ешқашан сатып алмаған. Сот берешегін өндіріп алуға және кепілді сатып алуға байланысты барлық іс-әрекеттер заң шеңберінде жүзеге асырылады және бұл ретте Қазақстан Республикасының барлық сот органдары заңды және негізді деп таниды.

 

Акционерлердің құрамы туралы ақпарат ашық көздерде қолжетімді: https://kase.kz/ru/issuers/EUBN/#issuerShareholders

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.