«Еуразиялық банк коронавирустың таралуына және мұнай бағасының құлдырауына байланысты әлемдік экономикалық сын-тегеуріндері жағдайында тұрақты қаржылық көрсеткіштерді көрсетуді жалғастыруда. 2020 жылдың бірінші тоқсанында банк тобы 4 млрд теңге мөлшерінде таза пайда тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,5 есеге көп. Әлемдік және Қазақстан экономикасы үшін пандемия мен мұнайдың тұрақсыз бағасынан туындайтын қиындықтарды назарға ала отырып, акционерлерден алынған капиталға 4 млрд теңгеден астам қосымша қолдауымен біз өзімізді сенімді сезінеміз. Жинақталған өтімділік біздің клиенттеріміз үшін орнықтылық пен мүмкіндіктердің айтарлықтай қорын құрайды. Банк тұрғындар мен компанияларға дағдарысқа дейінгі кезеңдегі сияқты жоғары деңгейлі қаржылық шешімдерді ұсына отырып, таңдалған стратегияға сәйкес дамуын жалғастырады. Бұған қоса, біз онлайн-қызмет көрсетуімізді күшейтудеміз, бұл клиенттерге қызметтерді қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов, Қазақстан қор биржасында жарияланған қаржылық есептілікке түсініктеме бере отырып.
Көрсеткіш, млн теңгеде |
31.03.2020 ж. жағдай |
31.12.2019 ж. жағдай |
Меншікті капитал |
102,373,799 |
100,316,084 |
Жиынтық активтер |
1,084,628,176 |
1,058,863,174 |
Жиынтық міндеттеме |
982,254,377 |
958,547,090 |
ROA, % |
0,62% |
0,58% |
ROE, % |
6,55% |
6,31% |
k1 |
9,9% |
10% |
k1-2 |
9,9% |
10% |
k2 |
25,6% |
25,2% |
Еуразиялық банк тобының активтері 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2,4% өсті және 1,084 трлн теңгені құрады.
Несие қоржыны қаңтар-наурызда брутто негізде 0,23%-ға 768,7 млрд теңгеге дейін өсті, нетто-негізде клиенттерге қарыздар 1%-ға 652,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Өсу бірінші кезекте бөлшек кредит беруде байқалды, бөлшек кредит беру көлемі 1%-ға 542,3 млрд теңгеге дейін өсті. 2019 жылдың соңындағы деректермен салыстырғанда автокредиттер қоржыны 2,1%-ға 177,4 млрд теңгеге дейін өсті. Тұтынушылық кредиттер 1,16%-ға өсіп, 342,7 млрд теңгегі құрады. Корпоративтік клиенттерге берілген қарыздар (0,9%-ға – 210 млрд теңгеге дейін) мен ШОБ қоржынының (9,8%-ға – 16,3 млрд теңгеге дейін) төмендеуі де орын алды.
Экономикалық ортаның жалпы нашарлауына байланысты банктің NPL коэффиценті 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша 8,64%-дан 9,45%-ға дейін ұлғайды.
Салымшылардың қаражаттары 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы деректермен салыстырғанда 1,85%-ға өсті. Бөлшек клиенттердің қаражаттары 2,5%-ға – 449 млрд теңгеге дейін өсті. Заңды тұлғалардың қаражаттары 1%-ға – 438 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2020 жылдың бірінші тоқсанындағы таза пайда 2019 жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі 1,087 млрд теңгемен салыстырғанда 3,975 млрд теңгені құрады. Ұлғаю таза пайыздық кірістің өсуі мен операциялық шығыстардың төмендеуінің арқасында орын алды. Пайыздық кірістер басқа да пайыздық кірістерді ескере отырып бірінші тоқсанда 32,7 млрд теңгеге дейін өсті. Пайыздық шығыстар 15,5 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 5,6%-ға төмен. Нәтижесінде таза пайыздық кіріс 2020 жылдың бірінші тоқсанында 17,2 млрд теңге деңгейінде тұрақтады, 2019 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға ұлғайды.
Комиссиялық кірістер 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 36,8%-ға – 9 млрд теңгеге дейін өсті, өсу агенттік қызметтер мен төлем карталарына қызмет көрсетуден түскен кірістердің ұлғаюымен түсіндіріледі.
Операциялық кіріс 42%-ға – 28,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге ара салмағы жақсарып, 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы 37,3%-бен салыстырғанда 30,8%-ды құрады.
2020 жылдың қаңтар-наурызындағы меншікті капитал 2,075 млрд теңгеге, яғни 102,4 млрд теңгеге дейін өсті.
“Еуразиялық банк” АҚ тобына банктен басқа келесі еншілес кәсіпорындар – “Еуразиялық банк” ЖАҚ (Мәскеу қ.), “Еуразиялық жоба 1” ЖШС мен “Еуразиялық жоба 2” ЖШС кіреді. 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша “Еуразиялық қаржылық компаниясы” АҚ банктің бас компаниясы болып табылады және банктің 100% акциясына ие.
“Еуразиялық банк” АҚ-тың PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz