Алматы, 2012 жылғы 28 желтоқсан – Қазақстандық «KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің кредиттік рейтингісін ұлттық шкала бойынша «A-»-ден «A+»-ға және халықаралық шкала бойынша «ВВ»-ден «BB+»-ге көтерді. Рейтингтер бойынша болжам тұрақты.
Агенттіктің ойынша, қаржылық және операциялық көрсеткіштердің тұрақты түрдегі оңды серпіні рейтингтің өзгеруінің себебі болып табылады.
Рейтинг меншік құрылымының айқындылығына, негізгі акционерлердің жоғары деңгейлі қолдауына, сыртқы қорға айналдыру тәуелділігінің төмендігіне, трансшекаралық тәуекелдердің болмауына негізделген. Рейтингті ұстаушы факторлар мыналар: капитал жетімділігінің төменгі деңгейі, орташа мерзімді кезеңдердегі өтімділіктің алшақтығы.
Банк туралы: Түрлі клиенттерге өнімдер мен қызметтер ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы құрылған Банктің Қазақстанның көптеген қалаларында 18 филиалы мен 98 бөлімшесі (28.12.2012 ж. жағдай бойынша), Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингісі: «тұрақты» болжамымен «В+». KASE мүшесі. Бөлшек желілерді кеңейту келер жылы да жалғасын таппақ және 2013 жылдың соңына дейін Банк платформасы 20 филиал мен 130 астам бөлімшелерге көбейеді.
Банктің 2012 жылғы табысты қызметі осы жылы Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстанның үздік банкі (The Banker) деп таныған марапаттармен расталады.
2012 жылғы 05 желтоқсанда «Еуразиялық банк» АҚ KazPrime қазақстандық банкаралық депозиттер индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімнің қатысушыларының тізіміне енді.
«Еуразиялық банк» АҚ 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Эксперт РА Казахстан» рейтингілік агенттігі өткізген II Жылдық есептер конкурсында «Дизайн және полиграфия» номинациясы бойынша марапатталды. Аталған марапат Банкке Қазақстанның қаржылық және қаржылық емес салаларындағы 26 компанияның қаржылық есептеріне сараптамалық бағалаудың қорытындысы негізінде берілді.
KzRating рейтингтік агенттігі – банктер мен кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына жан-жақты сараптамалық талдау жасайтын тәуелсіз ұлттық рейтингтік агенттік. GlobalRating рейтингтік топтың құрамына кіреді. Өз жұмысын 2006 жылы наурызда бастаған. 2010 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан қор биржасы» АҚ Листингтік комиссияның шешімімен KzRating рейтингтік агенттігі танымал рейтингтік агенттіктердің тізіміне енгізілді.
«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (ішкі 4802)
Malika.Buldekbayeva@eubank.kz
www.eubank.kz