Алматы, 2012 жылғы 25 шілде – Қазақстандық «KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің кредиттік рейтингісін ұлттық шкала бойынша «ВВВ»-ден «A-»-ға және халықаралық шкала бойынша «ВВ-»-ден «BB»-ге көтерді. Рейтингтер бойынша болжам тұрақты.
Агенттіктің ойынша, бизнестің тұрақты дамуы, Банктің негізгі қызметінің тиімділігінің артуы рейтингтің өзгеруінің себебі болып табылады.
Рейтинг меншік құрылымының айқындылығына, негізгі акционерлердің жоғары деңгейлі қолдауына, сыртқы қорға айналдыру тәуелділігінің төмендігіне, трансшекаралық тәуекелдердің болмауына негізделген.
Рейтингті ұстаушы факторлар мыналар: капитал жетімділігінің төменгі деңгейі, орташа мерзімді кезеңдердегі өтімділіктің алшақтығы.
Банк туралы:
«Еуразиялық банк» АҚ – корпоративтік, шағын және орта бизнеске, жеке тұлғаларға кредит беруге, сондай-ақ кредит карталарын шығаруға мамандандырылған, активтер мөлшері бойынша ірі әмбебап коммерциялық банк. Банктің ірі акционері 99,7% үлесімен «Еуразиялық Қаржылық Компания» АҚ болып табылады. Бүгінгі таңда Еуразиялық банктің 18 филиалы, ашылуы осы жылы жоспарланған 13 бөлімшені қосқанда 63 бөлімшесі бар.
KzRating рейтингтік агенттігі – банктер мен кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына жан-жақты сараптамалық талдау жасайтын тәуелсіз ұлттық рейтингтік агенттік. GlobalRating рейтингтік топтың құрамына кіреді. Өз жұмысын 2006 жылы наурызда бастаған. 2010 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан қор биржасы» АҚ Листингтік комиссияның шешімімен KzRating рейтингтік агенттігі танымал рейтингтік агенттіктердің тізіміне енгізілді.
«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.eubank.kz