logo
Қз

Mastercard пен Еуразиялық банк «Eurasian pay» санды әмиянын іске қосты

2018 жылғы 2 мамыр, Алматы қ.Баспасөз релизі

Бүгін «Еуразиялық банк, Mastercard  халықаралық төлем жүйесі мен OpenWay компаниясы нарыққа «Eurasian pay» санды әмиянын ұсынды: енді банктің  клиенттері, Mastercard карталарын ұстаушылар төлемақының түйісусіз технологиясын қабылдайтын терминалға смартфон арқылы бір жанасумен сатып алғандарына төлем жасай алады. «Eurasian Pay» көмегімен жасалған транзакциялар токенизацияландырудың инновациялық технологиясын қолданумен жүргізіледі және қауіпсіздік саласында Mastercard алдыңғы қатарлы  жетілдірулерімен қорғалған.

 

Қызметтерге банкке бармай-ақ ОС Android 4.4 және одан жоғары базалы  NFC технологиясы қолданылатын  смартфондар арқылы  және Google Play базасында  Eurasian pay ұялы байланыс қосымшасын жүктеу арқылы қосыла аласыз. Қызметті пайдаланудың қолайлылығы үшін Банк клиентке әрбір төлемді растаудың   екі тәсілін –  саусақпен басу жүйесін тану көмегімен «фондық» режимде немесе парольді енгізуді  ұсынады. Басқа банктердің клиенттері де Smartbank  ұялы қосымшасында үйге жеткізуге MasterCard  картасына тапсырыс берумен  қызметтерді пайдалана алады.

 

«Технологиялар өмірімізді маңызды ете түсуде. Біз Еуразиялық  банктің клиенттері  оның қарапайымдылығымен тартымды  болатын жаңа қызметтің қолайлылығын бағалайды деп сенеміз. Санды әмиян оларға «бір жанасу» арқылы 111 елдің 50 млн сауда алаңдарында сауда жасауға мүмкіндік береді, бұл ретте төлемдер жасау үшін үнемі өзіңмен бірге банктік картаны алып жүру қажет емес. Бұл біздің қолма-қол ақшасыз төлем жасап үйренген клиенттеріміз үшін жаңа кезең, олар төлем жасағаны үшін жоғарылатылған бонустар алады, енді  төлемді картамен емес өздерінің телефондарымен жасауға көшеді. Бүгінде біздің  интернет-банкингтің клиенттерінің 87%-ы  Android  базасындағы телефондарды пайдаланады. Олардың жаңа қызметті артықшылығы бойынша бағалайтынына сеніміміз мол», – дейді  «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы  Павел Логинов.   

 

Mastercard Қазақстанда бірінші болып токенизацияландыру  сервисін енгізді, енді республика банктері  өздерінің клиенттеріне смартфондармен немесе басқа да қондырғылармен түйісусіз төлемдер жасау үшін қазіргі заманғы төлем шешімдерін ұсынуы мүмкін.

 

«Mastercard – технологиялық компания, біз қолма-қол төлемдер үшін шешімдерді әзірлейміз және көптеген жылдар бойы ұялы байланыс коммерциялары үшін инновациялар жасап келеміз. Біз Қазақстанда Mastercard токенизацияландыру  платформасымен әлемдік төлем индустриясында ең заманауи жетістіктерге қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Серіктестермен бірлесіп пайдаланушылардың күтулеріне жауап беретін қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін қолайлы және қауіпсіз құралдарды ұсынамыз және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін санды экожүйенің дамуына, олар елдегі өмір сапасының жақсаруына және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал ететін болады», ̶ деп атап өтті Геният Исин, Қазақстандағы  Mastercard басшысы.

 

Mastercard Digital Enablement Service (MDES) токенизацияландыру  платформасы ұялы байланыс төлемдері сервистеріне қорғаныстың жоғары деңгейін біріктіруге мүмкіндік береді. Банктік карта деректері  EMV, токенизацияландыруды және криптографияны – төлем технологияларына жаңадан жетілдірулердің арқасында қауіпсіздікте болады. Mastercard  картасын «Eurasian Pay»  әмиянында пайдаланған кезде оның нөмірі ұялы байланыс қондырғысында да, банктің серверлерінде де, сауда-сервистік кәсіпорындарда да сақталмайды. Оның орнына Mastercard картасын әмиянға қосқан кезде  бірегей токен – дәл  нақты смартфонның әмиянына таңылатын 16-таңбалы сандардың қосындастырылуы өтеді. Осы токен төлемақы кезінде  қолданылады.

 

Mastercard картасының кредиттік немесе дебеттік токенінің көмегімен жасалған әрбір транзакция сатып алушылар үшін де, сонымен бірге сауда орындары үшін де сенімді қорғалған. Бірнеше жылдар бойы Masterсard технологиялық серіктестерімен және қаржылық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, төлемдерді токенизацияландыру  сервисін енгізуде. Алғашқы MDES платформасы 2013  жылы АҚШ-та ұсынылған және осы сәттен бастап миллиондаған Masterсard картасы танымал электрондық әмияндарда токенизацияландыру сервисінің аясында  пайдалануға арналып өңделген. Masterсard түйісусіз технология бойынша төлем 50 еуропалық елді қоса алғанда, әлемнің 111 елінің 8 миллионнан астам сауда орындарында қабылданады.

 

Mastercard туралы

Mastercard (NYSE: MA) https://www.mastercard.kz/ru-kz.html – жаһандық төлем индустриясында жұмыс істейтін технологиялық компания. Біз әлемдегі  ең жылдам 210 ел мен аумақтан астам тұтынушыларды, қаржы институттарын, сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды біріктіретін  төлемдерді өңдеу желісін басқарамыз. Mastercard өнімдері мен шешімдері күнделікті тапсырмаларды  оңай, қауіпсіз және тиімді шешуге мүмкіндік береді, мысалы, сатып алулар жасау, саяхатқа шығу, бизнес жүргізу және қаржыларды басқару.  Twitter @Mastercard_RU және Mastercard Facebook-ты біздің істерімізді қадағалаңыздар, Beyond the Transaction блогындағы талқылауларға қосылыңыздар және Engagement Bureau  біздің жаңалықтарымызға  жазылыңыздар .

 

Рессейдегі  Mastercard баспасөз қызметі

Елена Пророкова

Тел: +7 (495) 937-77-10

e-mail: elena.prorokova@Mastercard.com

 

Қазақстандағы  Mastercard баспасөз қызметі

Юлия Ерлыкина

Тел: +7 (727) 264 67 37

e-mail: Julia.Erlykina@pressclub.kz

 

Банк туралы

Еуразиялық  банк – Қазақстанның 24 жылдық даму тарихы бар әлеуметтік маңызды коммерциялық  банктерінің біріҚаржылық  институт бөлшек банкинг нарығында көшбасшылық ұстанымдарды иеленгенкорпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне  қызметтердің кең көлемін ұсынады. 2017 жылғы қыркүйек айында Еуразиялық банктің Директорлар кеңесі 2022 жылға дейін бөлшек бизнестідамыту орталығымен қаржылық институтты дамыту стратегиясын қабылдаған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.