logo
Қз

Майкл Эгглтон Еуразиялық банкке басшылық етуді жалғастырады

Еуразиялық банктің Директорлар кеңесі Майкл Эгглтонның Басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігін ұзартты. Тараптар 2014 жылғы 6 шілдеде тиісті құжаттарға қол қойды.    

«Соңғы 5 жыл ішінде Майкл Эгглтон Еуразиялық банкті нарық көшбасшысына айналдыра алды. Директорлар кеңесі атынан біздің бірлескен жұмысымыз кем дегенде әлі үш жылға созылатынын хабарлауға қуаныштымын. Нарықтағы күрделі жағдайларға қарамастан, біз банктің Майкл Эгглтонның басқаруында өзінің жоспарлары мен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдаланатынына сенімдіміз, – деп атап өтті Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

 

«Маған Қазақстанда және Еуразиялық банкте жұмыс істеген ұнайды. Мен Еуразиялық банкте жұмыс істей бастаған бес жыл бұрын банк нарықта қазіргідей мәртебеге ие болатынын елестету мүмкін болмаған, бұл мақтанарға тұрарлық жағдай. Банктің зор әлеуетін іске асыру үшін әлі де қарқынды жұмыс істеуіміз керек. Басымды мақсаттарға дұрыс назар аудара отырып және қажырлы еңбек нәтижесінде біздің алар асуларымыз биік. Қызметкерлердің, клиенттер мен акционерлердің қолдауы, олардың біздің өткен және болашақ жеңістерімізді тануы мені алға, бұл нарықта болмаған жетістіктерге ұмтылуға ынталандырады», – дейді Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.

 

Анықтама:
Майкл Эгглтон Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесі мүшесі лауазымын 2009 жылғы 14 қазаннан бастап атқарып келеді. Бұрынырақ ENRC PLC тәуелсіз атқарушы емес директоры қызметінде болды. АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Ресейдің инвестициялық банкинг саласы және қаржы мекемелеріндегі жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асады. 2006 жылғы тамыз айында «Траст» инвестициялық банкінің (Ресей) Басқарма төрағасы және Атқарушы директор лауазымына тағайындалды. 2004 жылғы маусымнан бастап Merrill Lynch компаниясының Лондон мен Мәскеудегі Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка дамушы нарықтары бөлімшелерінің басшысы және Басқарушы директоры лауазымдарын атқарған. Түркияда, ТМД-да, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада инвестициялық жобаларға жетекшілік ете отырып, Credit Suisse First Boston-да тактикалық нарықтар тобын басқарды, сонымен бір уақытта Ресей мен бұрынғы КССРО елдері бойынша Өңірлік басқарушы және Директор қызметтерін қоса атқарды. Еңбек жолының басында   Price Waterhouse Coopers (Мәскеу қ.) қаржы институттарымен жұмыс жүргізу жөніндегі аға менеджер қызметін атқарды. «Еуразиялық банк» ААҚ (Мәскеу қ., Ресей) Директорлар кеңесінің төрағасы. Ресей, Египет, Түркия және Қазақстан тіркеушілерімен банктерде жоғары басшылық лауазымдарын атқаруға сертификатталған. Credit Suisse және Merrill Lynch жұмыс істеген кезеңде Ұлыбританияның Қаржылық қадағалау басқармасының сертификатына ие болды. Сан-Диего университетін үздік бітірген бакалавр дәрежесі мен Сан-Диего мемлекеттік университетінің іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.


«Еуразиялық банк» АҚ
 – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.