logo
Қз

Өміріңді өзгертетін банктік мансап пен еріктілікті қалай біріктіруге болады

Еуразиялық банкте қызметкерлер арасында өткен әлеуметтік жобалардың екінші конкурсы аяқталды-бұл бастама екі жыл ішінде жанға жайсаң дәстүрге айналып, маңызды корпоративтік мәдениет бөлігі болды.

 

“Конкурсты алғашқы кезде іске қосқанда 2024 жылы бұл сараптамаға ұқсайтын еді. Біз күнделікті жұмыс тәртібінде мансапты еріктілікпен ұштастыра отырып, айналамыздағы адамдарға көмектесу үшін уақыт пен ақыл-ой күшін табатындарға қолдау көрсеткіміз келді. Бастысы – өз мүмкіндіктерін ашу арқылы өмірді жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігін сезінетіндердің барлығын шабыттандырамыз”, — деп бөлісті Стратегиялық коммуникациялар жөніндегі басқарушы директор Лариса Коковинец.

 

Сол кезде конкурсқа 23 қызметкер қатысты. Нәтижесінде 4 жоба грант алып, сәтті іске асырылды. Біз ол жайлы осында айтқан болатынбыз.

 

Кейінірек сырт жақтан да таныла бостады: “Жанды бастамалар” бағдарламасы “Ақ Мерген” сыйлығының қысқа тізіміне еніп, “Ішкі коммуникациялар” номинациясын жеңіп алды.

 

Тәжірибенің шабыттандырғаны сонша, ол 2025 жылдағы қызметкерлердің үлкен әлеуметтік бастамалардың бағдарламасын дамытудың бастапқы нүктесі болды.

 

Айнура Ильчибаева басшылық ететін PR командасы конкурсқа тұрақты қолдау көрсетіп, қарым-қатынаспен қамтамасыз еткен тірек бола білді.  

 

Орталық Азия Еуразия қорының сарапшыларымен бірлескен банкте арнайы оқыту бағдарламасы өтті. Жазда 30 қызметкер әлеуметтік жобалау негіздерін оқып, идеяларды жобаланған бастамаларға айналдыруға ықпал ететін коучинг және жетекшілік қолдау тапты.

 

“Еуразиялық банк командасы бізге оқыту бағдарламасынан тұратын идеясымен келіп, өткен жылдың нәтижелерін көрсеткен кезде, біз олардың байыпты көзқарасы мен әлеуметтік жобаларды саналы түрде жасауға деген үлкен ұмтылысын бірден сезіндік. Сондықтан курсты құру кезінде біз алдымен олардың бұрынғы тәжірибелерін мұқият зерделеп, мықты жақтарына сүйеніп, жобалардың ұзақ өміршеңдігін қамтамасыз ететін әрі көп пайда әкелуге ықпал ететін құралдарды қостық.

 

Оқыту шараларын ҮЕҰ және әлеуметтік жобалармен күн сайын жұмыс істейтін ОАЕҚ тәжірибелі қызметкерлері жүргізді. Біз ең маңызды тақрыптарды қозғадық: корпоративтік еріктілік, қауымдастық қажеттіліктерін талдау, стейкхолдерлермен жұмыс, жобаның логикалық моделі, әлеуметтік әсерді бағалау, бюджеттеу, коммуникациялар, жобалық менеджмент және қазақстандық ҮЕҰ-секторына шолу.

 

Біз үшін “курсты оқып қана қоймай, қатысушылармен бірге барлық жолды өту маңызды болды. Сондықтан курстардан бөлек, банк қызметкерлеріне өз идеяларына жаңа көзқараспен қарауға, мақсаттарын нақтылап, ықтимал тәуекелдерді алдын ала көруге ықпал еткен коуч-сессиялар мен тәлімгерліктер болды.

 

ҮЕҰ-мен экологиялық, инклюзивті, шығармашылық, серіктестік бастамалар жасалып жатқан жобалардың алуан түрлілігі қуантты. Қызметкерлер адамдардың сұраныстарына терең үңілді, қауымдастықтардың қажеттіліктерін талдады, сарапшылармен кеңесіп, ҮЕҰ-мен бірге нақты, практикалық шешімдерді іздеді.

 

Ең бастысы олар көшбасшылықты өз мойындарына алып, әріптестерін жұмылдыра отырып, өз идеяларын нақты әрекеттерге дейін жеткізе білген жеке жобаларын іске асырды.  Бұл команданың әлеуметтік миссияға қаншалықты байсалды әрі шынайы қарайтынын жақсы көрсетеді”, — деп атап өтті Орталық Азия Еуразия қорының даму және зерттеулер бөлімінің менеджері Томас Акынов.

 

Оқытудан кейін қызметкерлер қаржылық сауаттылық, экология, инклюзия, цифрлық дағдылар, спорт және салауатты өмір салты, осал топтарды қолдау номинациялары бойынша 11 жобалық өтінімін ұсынды.

 

Жұмыстарды банк басшылары, шақырылған сарапшылар мен өткен жылдың финалистері қатарынан тәуелсіз қазылар алқасы бағалады.

 

“Маңызды іріктеу критерий ретінде қазақстандық коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және бастамашылардың өз жобаларына басқа әріптестерін жұмылдырғаны саналды. Банк қызметкерлері Еуразиялық банк пен жергілікті қауымдастықтар арасындағы байланыс буынына айналып, сондай — ақ олар көп уақытын бірге өткізетін адамдарды — өз әріптестерін процеске тарта отырып, олардың мүдделері мен нақты қажеттіліктерін жеткізуге көмектесті, – деп бөлісті Банктің Ішкі коммуникациялар жөніндегі менеджері Томирис Жолдасова.

 

Грант қоры 10 миллион теңгені құрады, барлық қаражат финалистердің бастамаларын жүзеге асыруға бағытталды.

Осы жылдың финалистері мен олардың жобалары

Бриджит Гроз
Талдау және жобалау басқармасының бас маманы, Алматы

 

Жоба атауы: «SOS Земли – Тебе и мне нужна Земля» спектаклі
Еуразиялық банк қызметкерлері, мүгедек балалар мен ересектер, театр еріктілері мен бір сахнада өнер көрсеткен «SOS Земли» инклюзивті экологиялық спектаклі.

 

“Триумф” инклюзивті театр актерлері Павлодар облысынан келіп, Алматыға спектакль әкеліп, іс жүзінде шағын гастрольдік тур ұйымдастырды.

 

Көрсетілімдер “Трансформа” театрында, “Арман” кинотеатрында және № 73 мектепте өтті. Олардың көрермендері балалар мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жастар, арнайы интернат тәрбиеленушілері мен Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары болды.

 

Спектакль “Домовята” театр шеберханасының жетекшісі, режиссер Жанна Баженованың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Сондай-ақ жас суретші Никита Пархоменконың жұмыстары қойылды.

 

Жоба көрермендерге тек театрландырылған қойылым ғана емес, әркім өзін нәзік экожүйенің бір бөлігі ретінде сезінетін кеңістік сыйлады.

Ақпараттық технологиялар блогының қызметкері
Анар Баканова мен Аякөз Сматулла
, Алматы

 

Жоба атауы: “Технология арқылы инклюзия: Avaz көмегімен мүгедек балалардағы коммуникацияны дамыту”

 

“Территория успеха” оңалту орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеммен байланысуға көмектесетін Avaz AAC — планшеттері баламалы коммуникация жүйесі енгізілді.

 

Көптеген балалар үшін бұл сұранысты, эмоцияны немесе ойды тұжырымдаудың алғашқы құралы болады.

 

Жоба сонымен қатар орталық тәрбиеленушілерінің Бриджит спектакліне қатысып, идеялар мен адамдар арасындағы символдық байланыс нүктесіне айналдыратын командаларды біріктірді.

Мадина Усенова, жоба бастамашысы

Балнур Тастанбек, жоба қатысушысы
СХ басқармасы, Алматы
Жоба атауы: «Прикоснись к планете»: Алматының бірегей тактильді картасын жасау және мамандандырылған мектептерді тактильді глобустармен қамтамасыз ету

 

Жоба идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Банк бөлімшелерінің жаңа тұжырымдамасымен жұмыс істеу барысында Мадина “Жан” зағип адамдардың құқықтары жөніндегі Азия қоғамының сарапшысы әрі басшысы Ильяс Фаткулинмен кездесті. Ол командаға көру қабілеті нашар адамдарға қолжетімділік мәселесі туралы кеңес берді.

 

Бір әңгімесінде Ильяс өзінің көптен бері көкейінде жүрген идеясымен бөлісті-зағип адамдар саусақ ұшымен “көре алатын” Алматы қаласының бірінші тактильді картасын жасау. Көру қабілеті бұзылған адам тактильді қабылдау арқылы аудиосипаттама бермейтін нәрсені -кеңістік пішінін, масштабын, қашықтығы мен құрылымын түсінеді.

 

Тактильді карта әдеттегі картадан әр көшенің, өзен-суының, ауданы немесе объектінің өзіндік текстурасы және биіктігімен ерекшеленеді.  Бұл адамға қаланың қалай жұмыс істейтінін сезінуге мүмкіндік береді. Жоба аясында құрылған Алматы картасы Қазақстандағы осындай алғашқы жұмыстардың бірі болды.

 

Картадан басқа, үлкен тактильді глобустарды әзірлеу жұмыстары басталып кетті.  Әлемде өлшемі 30-32 сантиметр болатын шағын баламалары бар, дегенмен Ильяс  “қол тигізгенмен, ештеме түсініксіз” екенін атап өтті.  Сондықтан глобустар құрлықтардың, тау жоталары мен континент пішінін сезінуге көмектесетін рельефті, ұзындығы шамамен бір метрді құрайтын жаңадан жобалануда.

 

Карта пайдалануға дайын, ал глобустар өндіріс үстінде.

 

Жобаның басты мақсаты – әрбір зағип адам кез келген уақытта келіп, өз қаласының картасына қол тигізіп, оның құрылымын түсініп, тұратын жерімен байланысын сезіну.

Тимур Сарсенбаев
Ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қ.

 

Жоба атауы: «Dala Market — сенімділік және болашақ зертханасы”

 

Мүгедек балалар өздері жасап, өзіне деген сенімін арттыруды үйренетін инклюзивті өнер студиясын қолдау.

 

Жоба студияны жабдықтармен қамтамасыз етті, педагогтар мен банк қызметкерлерінің дәрістері мен тәлімгерліктерін ұйымдастырды.

 

Желтоқсан айында балалар өз жұмыстарын жаңа жылдық қайырымдылық жәрмеңкесінде ұсынатын болады. Кейбіреулер үшін бұл сатып алушылармен алғашқы тәжірибе, алғашқы табыс және дербестілікке жасаған алғашқы қадамы болады.

Айжан Бердалина
директордың Корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары, Астана

 

Жоба атауы: “Сиқырлы музыка әлемі”

 

Менталды ерекшеліктері бар 60 бала мен ересектерге арналған музыкалық терапия.

 

Жобаның арқасында елордалық “Балам-ай” мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қорында тәрбиеленушілерге арналған жабдықталған музыкалық кабинет пайда болды.

Қорытынды

Әлеуметтік жобалардың конкурсы-бұл ішкі бағдарламадан да маңыздырақ.

 

Бұл Еуразиялық банк қызметкерлері өзгерістердің авторлары болып, пікірлес адамдарды тауып, еріктілікті корпоративтік өмірдің бір бөлігіне айналдыратын кеңістік.

 

Конкурстың әрбір қатысушысы бастамашылдық, адамзат қатысуы және шынайы тілегі біреудің күнделікті өмірін аздап болса да позитивті тұрғыда елеулі түрде өзгерте алатынын көрсетті.

 

Еуразиялық банк өзінің қызметкерлерін мақтан тұтады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.