logo
Қз

Moody's Еуразиялық банк рейтингісінің болжамын "тұрақтыдан" "позитивті" деңгейіне көтерді

Баспасөз релизі

 

2022 жылғы 15 желтоқсан, Алматы

 

Moody’s Investors Service (“Moody’s”) рейтинг агенттігі бүгін Еуразиялық банктің жергілікті және шетел валютасындағы В2 ұзақ мерзімді депозиттік рейтингісінің “тұрақты” болжамын “позитивті” деп өзгертті. Moody’s позитивті болжамды банктің кредит беру қарқынының тез өсуіне және сыртқы ортаның ықпалына орнықтылығына, кредитке қабілеттілігінің жақсартылған көрсеткіштерінің сақталуына қарай жасады.

 

«Ерекше қиын макроэкономикалық жағдайда Еуразиялық банктің оң болжамы акционерлер үшін жоғары кірісті сақтай отырып, біздің стратегиямыз бен тәжірибеміз капиталды сақтықпен басқарудың дұрыстығын растайды. Біз тұтынушыларымыз бен серіктестеріміздің сенімін жоғары бағалаймыз және өзара тиімді ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз», – деді банк басқарма төрайымы Ләззат Сәтиева.

 

Сарапшылардың пікірінше, Еуразиялық банк тәуелсіз аудиторлық компанияларды тарта отырып, 2020 жылы ел активтерінің сапасын (AQR) тексергеннен кейін Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) белгілеген көлемдегі әрекетсіз активтердің резервтермен қамтылуын едәуір жақсартқан, несиелер бойынша ықтимал шығындарға бөлінетін қаражат үлесі 2020 жылдың аяғында 65% болса, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 94%-ға дейін өскен.

 

Резервтерге аударым есептеу көлемін азайту арқылы және сонымен бірге салауатты кредит қоржынының өсуі, сондай-ақ қарқындап келе жатқан клиенттік база тудыратын жоғары пайыздық емес кірістің арқасында банктің рентабельділігі артатын болады.

 

Агенттік сарапшылары сонымен қатар 2022 жылдың 3-тоқсанының соңында жалпы активтердің 47%-нан асқан банктің өтімді активтерінің ауқымды буферін есепке алды. Moody’s банктің кредит қоржынын қаржыландыруда өтімділік сақтандыруын ішінара пайдаланатынына, бірақ буфердің алдағы 12-18 айда жалпы активтердің 40%-нан астам деңгейде тұрақтайтынына сенім артады.

 

Бұл бұрынғы проблемалық кредиттер қыспағының әлсіреп, меншікті капиталмен салыстырғанда байланыстағы тараптарды қаржыландыру тәуекелінің неғұрлым төмендеуіне байланысты.

 

Сондай-ақ рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің жергілікті және шетел валютасындағы B2 ұзақ мерзімді рейтингін, валюталық депозиттер рейтингтерін қуаттады. Бұл елдегі макроэкономикалық ахуалға және жалпы жаһандық экономикалық, геосаяси факторларға байланысты қабылданған шешім.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.