19 ақпан 2014 жыл, Алматы қ., 18 ақпанда Moody’s Investor Service рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің кредиттік рейтингін «жағымсыз» болжамымен B1 деңгейінде растады. Агенттіктің Банкке тағайындаған рейтингі мен болжамы соңғы жылдар бойы өзгеріссіз қалып отыр. Рейтингті жоғарылату үшін Банк капиталдық базаны нығайту, табысты арттыру және өтімділіктің барабар деңгейін ұстап тұру көрсеткіштерін одан әрі жалғастыруды мақсат етеді. Аталған міндеттер Банк басшылығының жоспарларымен сәйкестікте.
Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон былай деп хабарлады: «Біз Банк бизнесінің барлық бағыттарын одан әрі қарай жетілдіруді және тәуекелдерді қатаң бақылауда ұстауды мақсат етеміз. Еуразиялық банктің рейтингтері 20 жылдық тарих ішінде бірде-бір рет төмендеген жоқ, әрине, ол мақтанарлық жағдай».
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz