logo
Қз

Moody's Еуроазиялық Банкке бұрын меншіктелген рейтингтерді растады

22 наурыз 2011 жылы Moody’s Investors Service рейтингтік агенттік Еуроазиялық Банкке бұрын меншіктелген рейтингтерді растады: Банк депозиттері «В1/NP», қаржылық күш рейтингі «Е+». Рейтинг бойынша болжам «Келеңсіз». Moody’s Investors Service акционерлердің жақсы қолдауын, Банктің маңызды капитализациясын және барлық Қазақстан бойынша жақсы географиялық диверсификациясын белгілейді.
Moody’s Investors Service

Рейтингтік әрекет: Moody’s «Еуроазиялық Банк» АҚ рейтингтік облигацияларды меншіктейді; болжам келеңсіз (Қазақстан)
Халықаралық несиелік зерттеулер – 18 наурыз 2011 Мәскеу, 18 наурыз, 2011 – Moody’s Investors Service бүгін Еуроазиялық Банктің (Қазақстан) жергілікті валютада В1 ұлттық валютада артықшылығы бар қамтамасыз етілмеген облигацияларды екі шығару үшін ұзақ мерзімді қарыздық рейтингті және жергілікті валютада В2 ұлттық валютада субординацияланған облигацияларды екі шығару үшін ұзақ мерзімді қарыздық рейтингті меншіктеді. Банктің ұзақ мерзімді депозиттер рейтингі бойынша келеңсіз болжамына сәйкес осы рейтингтер бойынша болжам келеңсіз болып табылады.

 

Moody’s B1 рейтингін келесі қарыздық құралдарға меншіктеді:

  • KZT10000M артықшылығы бар қамтамасыз етілмеген өтеу мерзімі 2023 ж. қарапайым облигациялар
  • KZT5000M артықшылығы бар қамтамасыз етілмеген өтеу мерзімі 2019 ж. қарапайым облигациялар

Moody’s В2 рейтингін келесі субординацияланған қарыздық құралдарға меншіктеді:

  • KZT5000M субординацияланған, өтеу мерзімі 2015 ж. қарапайым облигациялар
  • KZT15000M субординацияланған, өтеу мерзімі 2023 ж. қарапайым облигациялар

 

Рейтингтерді дәлелдемелеу

Moody’s жоғарғы қаматмасыз етілмеген облигациялар бойынша төлемдерді өндіру бойынша банк міндеттемелері өзгеріссіз рейтингке ие болады деп есептейді, ен болмағанда, банктің барлық өзге қамтамасыз етілмеген және субординацияланбаған несие алушылар талаптарымен теңбе тең, осыған кез келген қолданыстағы заңнама бойынша артықшылығы бар болып табылатын талаптар жатпайды.
Өз алдына, B2 рейтингі, ол банктің депозиттік рейтингінен бір тармақ төмен, субординацияланған облигациялар деңгейін қарыздық міндеттемелердің анағұрлым жоғары санатымен ескереді.
Еуроазиялық банктің қарыздық және депозиттік рейтингтері бойынша “Келеңсіз” болжам Қазақстанда жүріп жатқан банктің несиелік қабілеттілік параметріне, қарыздық капитал нарығының күрделі күйіне қысымды көрсетеді”, – деп Moody’s вице – президентінің орынбасары және банк үшін жетекші талдаушы Максим Богдашкин түсіндіреді. “Банк рейтингтерінің төмендеуіне келесі жағдайлардың кез келгені ықпал ете алады: (i) капитал жеткіліктігінің бірдей коэффициенттерін қолдау қабілетсіздігі; (ii) өзінің несие жиынында шоғырлануды төмендету қабілетсіздігі, немесе (iii) табыстарды алу мүмкіндігін жақсартуда банктің қабілетсіздігі, ол әрі қарай оның капиталына ықпал ететін болады”, – деп қосты Богдашкин мырза.
Сонымен бірге, егер Еуроазиялық банктің қарыз алушылары бойынша шоғырлануы маңызды төмендесе (2010 жылы 1 деңгейдің шамамен 4 капиталы 20 ірі қауіптерді құрады) және провизия құрғанға дейін негізбен оның тиімділігі қалпына келсе, Moody’s болжамды рейтинг бойынша тұрақтыға өзгерте алады.
Еуроазиялық Банк үшін алдыңғы Moody’s рейтингті әрекеттері 2010 жылдың 30 маусым айында өндірілген болатын, ол кезде рейтингті агенттік жергілікті валютада В1 ұлттық валютада банктің жергілікті облигациялар шығаруына ұзақ мерзімді несие рейтингін меншіктеді.

Осы рейтингте пайдаланылған негізгі әдістемелер Банктің қаржылық тұрақтылық Рейтингтері болды: 2007 жылы ақпанда басылып шыққан халықаралық әдістеме, және Moody’s банктер Рейтингтеріне біріккен дефолт талдауын қосу: 2007 жылдың наурызында басылып шыққан жөнделген әдістеме.
Бас кеңсесі Алматы қаласында, Қазақстанда орналасқан, Еуроазиялық Банк аудит жасалмаған, шоғырланбаған 2010 жылдың аяғындағы күйі бойынша KZT359 млрд. (USD2,4 млрд.) жалпы активтерді жариялады, сол уақытта жергілікті бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес 2010 қаржылық жылға банктің таза пайдасы KZT633 млн. (USD 4,3 млн.) құрады.
Ақпаратты нормативті ашу

Несие рейтингін дайындау үшін пайдаланылған ақпарат көздері келесілер болып табылады: рейтингтерде қатысқан тараптар, жалпыға бердей қол жетімді ақпарат, Moody’s Investors Service құпия және қызметтік ақпараттары.
Moody’s Investors Service несие рейтингтерін меншіктеу мақсаттары үшін эмитет немесе міндеттеме бойынша бар ақпарат сапасы қанағаттанарлық болып табылады деп есептейді.
Moody’s онымен несие рейтингін меншіктегенде пайдаланылатын ақпарат жеткілікті жоғары сападағы ақпарат болып табылуына және Moody’s жеткілікті берік деп есептейтін көздерден алынуы, соның ішінде, қажет болған жағдайда, үшінші тараптың тәуелсіз көдерінен алынуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар, Moody’s аудитор болып табылмайды және рейтингтік процесс барысында алынған ақпаратты әр жағдайда өз бетінше тексере немесе бағалай алмайды.
Рейтинг тарихы және соңғы рейтингті әрекет туралы ақпаратты алу үшін Moodys.com сайтында компания/эмитеті бетінде рейтингтер кестесін қарауды сұраймыз.
Кейбір несие рейтингтері алғашқы рет берілген күн Moody’s Investors Service несие рейтингтері толығымен сандық үлгіде ұсынылған күнге дейінгі уақытқа жатады және нақты деректер қол жетімсіз болуы мүмкін емес. Сәйкесінше, Moody’s Investors Service оның ұйғарымы бойынша оның қол астындағы ақпараттың негізінде ең нақты және дәл болып табылады деп есептелетін деректерді ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.moodys.com сайтынан рейтингтер ашу бетіне қатынас құруыңызды сұраймыз.
Әр рейтинг дәрежесі және дефолтты анықтау мен қалпына келтіру мәндері туралы рейтингтерді анықтағанда пайдаланылатын қосымша ақпаратты, әдістемелер үшін Moodys.com сайтынан Несие саясаты бетінен қарауыңызды сұраймыз.

 

Мәскеу
Максим Богдашкин

Вице-президент орынбасары – Сарапшы
Қаржылық институттар тобы
Moody’s Шығыс Еуропа LLC
Телефон: +7 495 228 6060
Факс: +7 495 228 6091

 

Мәскеу
Ярослав Совгира

Вице-Президент. – Аға несие офицері
Қаржылық институттар
Moody’s Шығыс Еуропа LLC
Телефон: +7 495 228 6060
Факс: +7 495 228 6091

 

Moody’s Шығыс Еуропа LLC
7- қабат, Four Winds Plaza
21 1-ші Тверская-Ямская
Мәскеу, 125047 Ресей
Телефон: +7 495 228 6060
Факс: +7 495 228 6091

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.