26.02.2016, – Алматы. Кеше, 2016 жылдың 25 ақпанында Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі жергілікті және шетел валютасындағы депозиттер рейтингісін, талап ету құқығы артықшылығымен жергілікті валютадағы қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемелер рейтингісін, жергілікті валютадағы реттелген борыштық міндеттемелер рейтингісі мен кредитті өтеу қабілеттілігінің негізгі бағалауын қосқанда Еуразиялық банктің рейтингілерін қайтарып алу туралы хабарлады.
Осылайша Standard & Poor’s Еуразиялық банктің жалғыз рейтингтік агенттігі болып табылады. S&P-тың бағалауынша Еуразиялық банк «Тұрақты» болжамымен «В» ұзақ мерзімді кредит рейтингісіне ие.
«Қазақстан үшін дағдарыстық болып табылатын уақытта акционерлер 2015 жылдың төртінші тоқсанында капиталды 6 млрд. теңгеге ұлғайтып банкке қолдау көрсетті. Бұған қоса Еуразиялық банк өткен жылдың соңында БанкПозитивті сатып алу арқылы бизнес тұғырнамасын нығайтты. Ағымдағы жылда болжалды күрделі экономикалық жағдайда біз жұмыла әрекет етіп, бұдан әрі қарай дамуға барлық қолдағы бар мүмкіншіліктерді қолдана отырып Еуразиялық банктің нарықтағы позициясын нығайтуға ниеттеніп отырмыз»,– деді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.
2015 жылдың соңындағы деректер бойынша ҚР ҰБ қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес Банк активтері 1,04 трлн теңгені, капитал – 77,7 млрд. теңге құрады.
Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)