Еуразиялық банк ХҚЕС сәйкес аудиттелген шоғырландырылған есептілік деректері бойынша 2011 жылғы қызметінің қорытындылары туралы жариялады. Қазіргі күні сақталып отырған дүниежүзілік экономиканың құбылмалылығы мен Қазақстанның банк қызметтері нарығында үдеп келе жатқан бәсекелестікке қарамастан Банк негізгі көрсеткіштерінің қарқынды өсуін көрсетті.
2011 жылғы Пайдалар мен шығындар туралы есептің негізгі баптарының 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырмалы серпіні:
- Операциялық шығыстардың кірістерге қатысы (CIR) 31,0% азайып, 52,2% құрады;
- Таза пайда 6,05 млрд теңгеге дейін көтерілді, бұл 2010 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 991% жоғары;
- Таза пайыздық кіріс 209% жоғарылады;
- Таза операциялық кіріс провизия қалыптасқанға дейін 108,6% өсті;
- Таза пайыздық маржа (NIM) 144% жоғарылап, 6,1% құрады.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер Еуразиялық банктің Қазақстан нарығында жетекші орында тұрғандығын растайды:
Сонымен, Банктің 2011 жылғы 12 айдағы таза пайдасы алдыңғы 2010 жылғы ұқсас көрсеткіштерден он еседен аса (554,2 млн. теңге) жоғары көрсеткішті көрсетіп, 6,05 мрд теңгені құрады, бұл Еуразиялық банктің бүкіл тарихындағы аса жоғары нәтиже болып табылады. Таза пайданың өсуін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі бөлшек кредит портфелінің көлемін ұлғайту болып табылады, Еуразиялық банктің 2011 жылыSociete Generale ПростоКредит бизнесін сатып алуы осының дәлелі.
Оң қаржы нәтижесіне қосымша ретінде Банк тәуекелдерді басқару жүйесін нығайту жұмыстарын жалғастырды. Еуразиялық банк бұрынғысынша Қазақстанның банктік секторында жұмыс істемейтін қарыздардың төмен көрсеткішіне ие (NPL).
Өткен 12 ай үшін таза пайыздық маржа 2010 жылғы көрсеткіштен салыстырмалы түрде 144%жоғарылап, 6,1% құрады. Еуразиялық банк бизнесінің тиімділігін растайтын аталған көрсеткіштің өсуі оның бизнес-моделін тұрақты түрде түрлендіруімен байланысты.
Провизия қалыптасқанға дейінгі таза операциялық кіріс алдыңғы жылмен салыстырғанда 108,6%көтеріліп, 25,6 млрд теңге деңгейін көрсетті. Кез келген елдің банктік индустриясы үшін теңдессіз болып табылатын осындай өсу қарқыны активтерді бөлу бойынша мақсаттардың жетістігімен, сондай-ақ активтердің жалпы көлеміндегі табысы мол активтер үлесін көбейтумен байланысты (яғни нарықтағы артық өтімділікті кредит беру арқылы бөлу).
Банк бизнесінің табыстылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын шығыстардың кірістерге қатысы (CIR) 2012 жылғы 1 қаңтарда 52,2% құрады. Аталған нәтиже Банк басқармасы қарастырған 60% мақсатты көрсеткішінен кем. Шығыстарды басқару басымды мәселе болып табылады және Банк басшылығының жіті бақылауында.
Активтер 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3,5% жоғарылап, 369,4 млрд теңгені құрады. Банк басшылығы активтер көлемін ұлғайтуды мақсат етпеген еді, бұл ретте қолдағы бар активтерді барынша тиімді орналастыру мәселесі тұрған-ды. Нәтижесінде 2011 жылдың соңында Банктің кредит портфелі 281,2 млрд теңге деңгейіне дейін көтерілді, бұл 2010 жылдың соңындағы деректермен салыстырғанда 19,8% жоғары. Банктің бөлшек сегментінің дамуы несие портфелінің тұрақты дамуына себепші болды.
Бөлшек кредиттер портфелі 2011 жылы 31,7 млрд теңгеге өсіп, 101,8 млрд теңге деңгейіне жетті, ал оның жиынтық несие портфеліндегі үлесі 2011 жылдың соңында 36,2% құрады.
Банктің ірі кәсіпорындарға (корпоративтік клиенттерге) берген қарыздар мөлшері 7,4 млрд теңгеге – 145,3 млрд теңге деңгейіне дейін өсті, бұл Банктің жиынтық несие портфелінің 51,7%құрайды.
Шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарына кредит беру сегментінің портфелі 34,1 млрд теңге деңгейіне дейін өсіп, 7,3 млрд теңгеге ұлғайды (жиынтықты несие портфелінде 12,1%).
Несие портфелінің айтарлықтай оң серпініне қосымша ретінде Банк активтердің сапасын айтарлықтай жақсартқанын айта кету керек. Осылайша жиынтық несие портфеліндегі мерзімі 90 күннен аса кешіктірілген кредиттер үлесі (NLP) 2011 жылдың соңында небәрі 7,6% құрады.
Қаржылық тұрақтылығының негізгі көрсеткіші болып табылатын Банктің меншік капиталы – 24,6%ұлғайып, 2012 жылғы 1 қаңтарда 31,9 млрд теңгені құрады.
Меншік капиталдың орташа шамасына (ROaE) және активтердің орташа шамасына (ROaA) кірістілік көрсеткіштері 21,9 және 1,8% құрады.
S&P рейтингілік агенттіктің Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «тұрақты» болжамымен В деңгейінен «қалыпты» болжамымен В+ дейгейіне және ішкі шкала бойынша рейтингінің алдыңғы kzBB+ деңгейінен екі тармаққа жоғарылап, kzBBB деңгейіне дейін көтеруіБанк бизнесінің табыстылығының растауы болып табылады.
Өткен жылғы жұмысты қорытындылай келе, басқарма төрағасы Майкл Эгглтон: «Еуразиялық банктің 2011 жылғы жетістіктері Банктің клиенттерге ауқымды сапалы өнімдер ұсынатын әмбебап қаржылық институтқа айналғанын дәлелдейді. Үздіксіз өсіп отырған клиенттік база Банктің дұрыс жолда екенін көрсетеді», – деп атап өтті.
2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Еуразиялық банктің клиенттік базасында 16 000 заңды және 470 200 жеке тұлғалар бар, бұл 2010 жылғы ұқсас көрсеткіштен екі есеге артық.
2011 жылы Банк желісі 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 279 деңгейге дейін көтеріліп,764 сауда орнына ұлғайды (банкоматтар мен POS-терминалдарды қосқанда).
«Еуразиялық банк» АҚ аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептіліктің толық нұсқасы Банктің www.eubank.kz сайтында орналастырылған.
«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz