Экологиялық жауапкершілік ұзақ уақыт бойы банктің негізгі құндылықтарының біріне айналған-ды. «Баға жетпес планета» коалициясына қатысудан басқа, банк арнайы экокарта шығарады, оның транзакцияларынан түскен бонустар көгалдандыру жобаларына жіберіледі.
Өткен жылы банк қызметкерлері клиенттермен бірге Алматыда, Астанада және еліміздің басқа да қалаларында «Алма қала» эко-қозғалысының, «Тұрақты даму» Жерді қорының, жергілікті әкімдіктердің қатысуымен 500 ағаш отырғызған еді. Бүгінде аталған «жасыл миссия» жалғасуда және «Арқалан» петроглифтер паркіне ағаш отырғызу— тұрақты дамуға жаңа мағынамен тағы бір қадам болып табылады.
«Ботаника және фитоинтродукция институты» және «Петроглиф ізшілері» ҚБ саябақты далалық өсімдіктер әлемі мен түркі петроглифтерінің авторлық интерпретациясы кіріге үйлесетін бірегей экожүйені жаңғырту мақсатында құрған. Сондықтан Еуразиялық банк Саябақты құруға қаржылай қолдау көрсетіп, оның одан әрі дамуына өз үлесін қосуда.