logo
Қз

Еуразиялық банктің пайдасы 2020 жылы екі есе өсті, шоғырландырылған пайда— бір жарым есе өсті

“Еуразиялық банк” АҚ банк пен оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі — банк) қызметінің 2020 жылғы 12 айдағы шоғырландырылған нәтижелерін жариялады.

 

“Ковид 2020 жылы үлкен қауіп төндірді. Алайда біз банктің бизнесі мен клиенттері үшін күтілген тәуекелдерді болжанғаннан гөрі ертерек еңсердік. Негізгі қаржылық көрсеткіштер өсті: біз активтер мен капиталдандыру көлемін ұлғайттық, теңдестірілген төлемге қабілетті клиенттер базасын сақтап қалдық. 2020 жыл нәтижелері цифрлық банкингтің айтарлықтай дамығанын көрсетеді. Карантиндік шектеулер акционерлердің пандемияға дейін қабылдаған бизнес-модельді трансформациялау және банкте жеке цифрлық блок құру туралы шешіміне серпін берді. Банктің 2020 жылғы тұрақты пайдасы біздің осы бағдарламадан шығуымызды тездету үшін қаржылық тұрақтылықты арттыруға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қосымша провизияларды мерзімінен бұрын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Біздің нәтижелерге көңіліміз толды және бизнесіміздің барлық бағыттары бойынша оң технологиялық өзгерістерді жоспарлап отырмыз. Еуразиялық банктің қызметтеріне қол жеткізу қашықтағы байланыс арналары, цифрлық сәйкестендіру көмегімен, сондай-ақ бөлімшелер желісі арқылы оңай, ыңғайлы және жылдам бола түспек”, – дейді Банк Басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

 

Банк клиенттерінің жалпы саны 4,0 миллион адамнан асты, бұл Қазақстандағы қаржылық клиенттер базасының ауқымы жөнінен үшінші орынды білдіреді.

 

2020 жылғы негізгі түйінді көрсеткіштер (шоғырландырылған есептілік):

 Көрсеткіш, млн теңге 31.12.2020 жағдай бойынша 31.12.2019 жағдай бойынша
Меншікті капитал 109,050,400 98,838,157
Жиынтық активтер 1,199,689,263 1,057,015,765
Жиынтық міндеттемелер 1,090,638,863 958,177,608
Таза пайда 6,787,780 4,492,113
ROA, % 0.60% 0,41%
ROE, % 6.53% 4.54%
k1 12,1% 10.0%
k1-2 12,1% 10.0%
k2 30,2% 26.2%
Акциядан түсетін пайда 326,63 220,76

                                              

Еуразиялық банк тобының активтері 2020 жылы 13%-ға, 2019 жылғы 1,057 трлн теңгеден 1,2 трлн теңгеге дейін өсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы қарыз қоржыны 2020 жылдың 12 айында 644,788 млрд теңгеден 562,433 млрд теңгеге дейін төмендеді. Несиелеудің құлдырауы COVID-19 қатаң карантиндік шектеулеріне және экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты.

 

Клиенттердің депозиттері мен шоттарындағы қаражат 19,2%-ға өсті, бұл клиенттердің банкке деген сенімінің жоғары екенін растайды. Пандемия кезінде халық пен бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, ақшалай резервтерін банк шоттары мен салымдарда сақтауды жөн көрді.

 

Сонымен қатар банкті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2020 жылы Tengri Bank және Астана банкі салымшыларының төлемдері бойынша агент ретінде қайтадан таңдады.

Шоғырландырылған таза пайда бір жарым есеге, 6,8 миллиард теңгеге дейін өсті. Несиелеуден басқа, негізгі кіріс көздері конверсиялық операциялар мен карточкалық бизнестен алынған кірістер болып табылады. Пандемия жағдайында банктің әкімшілік-шаруашылық шығыстарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар да өз жемісін берді.

Ресейлік еншілес банкті сатудан түскен залалды есепке алмағанда, топтың пайдасы 2020 жылы екі есе өсті, бұл ресурстарды мемлекеттік сауықтыру бағдарламасы бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын жабуға бағыттауға мүмкіндік берді.

 

2020 жылы Банктің меншікті капиталы банк акционерлерінің жарналары және 2019 жылға дивиденд төлеуден бас тарту есебінен 10%-ға 109,050 млрд теңгеге дейін өсті. Банк капитал жеткіліктілігі бойынша барлық нормативтерді орындады.

 

Операциялық тиімділік арта түсті. Шығындардың кірістерге қатынасы (cost to income) 38,7%-дан 36,8%-ға төмендеді.

 

 

БӨЛШЕК БИЗНЕС

 

Бөлшек бизнес цифрлық өнімдер желісін кеңейту есебінен портфельдегі үлесті арттыруға, жеке тұлғалар үшін жаңа сервистер мен шешімдер ұсынуға қол жеткізді.

* Бөлшек бизнес масштабы жөнінен банк Қазақстан банктері арасында 5-ші орынға тұрақтады.

* Қазақстанның тауар несиелеу нарығында банк үлесі 12.5%-ды құрады.

* Банк автонесие беру нарығындағы көшбасшылығын сақтап, осы сегментте 1-ші орынды иеленді.

 

Пандемияға байланысты бөлшек кредиттер портфелі 2020 жылы жеке кәсіпкерлердің (ЖК) қарыздарын есепке алғанда 17,5%-ға 434,9 млрд теңгеге дейін кеміді, оларды есепке алмағанда қарыз портфелі 430,8 млрд теңгені құрады. Бөлшек клиенттерге берілген несиелер құрылымының басым бөлігін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелер мен автонесиелер құрайды. Сондықтан банк бизнес-модель тиімділігін арттыру және тәуекелдерді бақылау міндеттеріне назар аударуды жалғастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлшек бизнестегі екінші ірі бағыт автонесиелеу болып табылады. 2020 жылы автонесиелер 37,1%-ға азайды, олардың көлемі бір жыл бұрын 108,1 млрд теңгеге қарағанда 88,7 млрд теңгеге жетті, бұл карантиндік шектеулерге және серіктестер желісі арқылы несиелеудің уақытша қолжетімсіздігіне байланысты болды.

 

Ел үшін аса күрделі болған 2020 жылы банк карантин кезеңінде кіріс көздерін жоғалтқан клиенттерге несиелер мен бөліп төлеу карталары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға жәрдемдесті.

Қарыз алушылардың 10%-ы, яғни 183 мың адам несие мерзімін ұзартуды ресімдеді, бұл ретте өтініштердің 94%-ы мобильді банк немесе Еуразиялық банктің интернет-сайты арқылы берілді. 15 000 клиентке карталар бойынша төлем мерзімі кейінге қалдырылды.

 

2020 жылы банк 290 мыңға жуық жаңа карта шығарды, жыл қорытындысы бойынша карталар портфелі 1,140 млн дананы құрады. Банктің дебеттік төлем карталарына сұраныс карантиндік шараларға қарамастан жоғары болды. Бұған банк картасына тапсырыс берудің жеңілдетілген процесі, курьер арқылы клиенттің үйіне жеткізілуі, карталар бойынша тиімді шарттардың ұсынылуы және бейілділік бағдарламасының болуы ықпалын тигізді. Банк пандемия кезінде қиын жағдайға тап болған клиенттерге арнап

42 500 теңгені құрайтын мемлекеттік қолдау төлемдерін алу үшін 23 мыңнан астам картаны шығарып, жеткізіп берді.  Дебеттік карталардағы қалдық көлемі 2020 жылы 4,6 млрд теңгеге өсті.

 

Smartbank мобильді қосымшасында бөлшек қызмет көрсетудің негізгі көрсеткіштерінің оң бағытта өсуі цифрлық сату арналарын жеделдетілген түрде игерудің негізгі нәтижелеріне айналды.

 

Қашықтан жүргізілетін карточкалық операциялар (аударымдар, сатып алулар) саны артып келеді — өткен жылдың өзінде карталар бойынша орташа чек 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ға, операциялар саны 16%-ға, ал сатып алу және аударым жасау операцияларының жалпы сомасы 2019 жылмен салыстырғанда 27%-ға өсті.

 

Еуразиялық банк бөлшек бизнесті цифрлық трансформациялауды өзінің стратегиялық дамуының арқау етіп, клиенттердің қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа технологиялық өнімдер мен сервистерді іске қосуды жалғастырып, цифрлық нарыққа қатысу үлесін ұлғайтуға ниетті.

 

 

КОРПОРАТИВТІК БИЗНЕС

 

Банктің корпоративтік клиенттерінің базасы 17,2 мың заңды тұлғаны құрайды. Шағын және орта бизнес сегменті қызметтің басқа бағыттарындағы тәуекелдер теңгерімін теңестіреді, корпоративтік клиенттермен болашақ қарым-қатынастар үшін платформа құруға мүмкіндік береді және бөлшек бизнестің дамуына ықпал етеді. ШОБ сегменті Қазақстандағы басқару тұрғысынан ең күрделісі болып табылады, себебі кәсіпкерлік ірі корпорациялармен салыстырғанда әлсіз дамыған, залал  қаупі жоғары және рентабельділігі шектеулі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылы банк “ҚДБ” АҚ қаражаты есебінен жалпы сомасы 4 989 589 мың теңгеге 598 қарыз алушыны, “ДАМУ” АҚ есебінен жалпы сомасы 10 124 568 мың теңгеге 241 қарыз алушыны, “ҚТҚ” АҚ арқылы жалпы сомасы 2 180 153 мың теңгеге 2 қарыз алушыны қаржыландырды (2019 жылы “ҚДБ” АҚ — жалпы сомасы 6 372 467 мың теңгені құрайтын 964 қарыз алушыны,

 

“ДАМУ” АҚ желісі бойынша банк жалпы сомасы 7 910 541 мың теңгеге 138 қарыз алушыны, ҚР ҚМ арқылы— 18 750 мың теңгеге 1 қарыз алушыны қаржыландырған болатын). Көрсетілген қаржыландыру сомалары ашық лимиттер шеңберінде, оның ішінде жаңартылатын негізде игерілген қаражатты қамтиды.

Еліміздің барлық өңірлеріне әсер еткен пандемияға байланысты ШОБ сегментіне 2020 жылы төтенше жағдай мен карантин режимін енгізу айтарлықтай әсер етті, бұл:

* қолданыстағы қарыздар бойынша NPL туындау тәуекелінен, берешекті қайта құрылымдауды жаппай жүргізуден;

* пайызсыз кірістердің төмендеуінен көрініс тапты (жекелеген салалар бойынша қызметтер тоқтатылды немесе түсімдер бұрынғы көлеміне жете алмады).

 

Банк пандемияның барлық көріністеріне жоғары дәрежеде дайындығы бар екенін көрсетті:

активтер құрылымының сапасы -ТЖ режимінің тікелей тәуекел аймағынан тыс стандартты несиелік портфельдің 90%-нан астамы. Тәуекел салаларындағы корпоративтік клиенттердің стандартты несиелік қоржыны ~ 1% (КБ + ШОБ);

 

жедел ден қою және несие қоржынының сапасын сақтау -бірнеше күн ішінде қайта құрылымдау мәселелерін жеңілдетілген түрде қарау тәртібі пысықталды, ШОБ стандартты несие қоржынының 30%-ға жуығы қайта құрылымдалды;

– клиенттердің қаражатына әсер ету барынша азайтылды -2020 жылы корпоративтік клиенттердің салымдары құрылымындағы ШОБ үлесін арттыру арқылы әртараптандыру жақсартылды.

 

Кәсіпкерлер арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді дәріптеу мақсатында банк мобильді терминалдар санын көбейтті. 2020 жылдың соңына қарай белсенді мобильді POS-терминалдар саны 2 132 құрылғыны құрады. Терминал транзакцияларының жалпы сомасы 1,370 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 30%-ға артық.

 

“Еуразиялық банк” АҚ тобына банктен басқа еншілес кәсіпорындары – “Еуразиялық банк” ЖАҚ (Мәскеу қ.), “Еуразиялық жоба-1” ЖШС және “Еуразиялық жоба-2” ЖШС кіреді. “Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ банктің бас компаниясы болып табылады және 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша банк акцияларының 100%-ның иегері.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 4401.

press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.