logo
Қз

Ресейде Еуразиялық банк пен Renault Қазақстандағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Еуразиялық банк пен «Рено Россия» ЖАҚ Қазақстан аумағында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, оның аясында Еуразиялық банк клиенттері бірегей шарттарда Renault маркалы автомобильдерді сатып алу және қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Еуразиялық банк – Қазақстан нарығында 51% үлеске ие автокредит беру саласының көшбасшысы. Банк Renault автомобильдерін сатып алуға жеңілдік бағдарламаларын ұсына отырып, бұл көрсеткішті арттыруды мақсат етеді.

Соңғы жылдары қазақстандық автомобиль нарығы жақсы өсім серпінін паш етуде. 2014 жылдың алғашқы 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Renault 6 176 автомобиль сатты (2013 жылғы осындай кезеңдегі нәтижеге + 100%).

Renault жетістігі – бұл заманауи, жергілікті ерекшеліктерге бейімделген автомобильдер және «баға-сапа» қатынасының үздік үйлесімі. 2014 жылы Қазақстанда Renault модельдік тізілімі айтарлықтай жаңартылды: нарыққа жаңа Logan мен жаңа Sandero шықты, жақында жаңа Sandero Stepway қолданысқа ұсынылады. Сонымен қатар 13 қаланы қамтитын 5 импорттаушы ұсынатын қуатты дилерлік желі еліміздің дерлік барлық өңірлерінде  автомобильдерді сатуға және қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Келісімге қол қоя отырып, Еуразиялық банк  Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон: «Біз Еуразиялық банкке жүктелген сенімді жоғары бағалаймыз және ынтымақтастығымыз табысты болатынына сенеміз. Renault-мен келісімге қол қою арқылы танымал француздық өндірушінің автомобильдерін қазақстандықтар үшін бұрынғыдан да қолжетімді ете түстік», – деді. Ол осы ұсыныстың нарық үшін теңдессіз екенін атады: «Біз Қазақстан нарығын үздік өнімдермен таныстыра отырып, төмен мөлшерде бастапқы жарнамен және өте тартымды мөлшерлемемен автокредит ұсыну арқылы Renault автомобильдерінің бұрынғыдан да қолжетімді болуына жағдай жасадық».

Ынтымақтастық аясында іске қосылған алғашқы бірлескен акция Renault Duster автомобилін жылдық 7% мөлшерлемемен және 10%-дан бастап бастапқы жарнамен кредитке алуға мүмкіндік береді. Duster таңдауы кездейсоқтық емес: автомобиль Қазақстанда ұсынылған Renault модельдерінің ішіндегі ең көп сұранысқа ие (2014 жылдың 9 айы ішінде сатылым барлық Renault модельдерінің 58%-ын құрады). Қазақстандық көлік жүргізушілер үшін қайталанбас жол талғамау сапасы, автоматты беріліс қорабына қоса, қозғалтқыштар мен нұсқалардың кең таңдауы Renault Duster-дің әралуан пайдаланушылары үшін бірегей автомобиль болуына ықпал етеді.

Жаңа акциялар туралы ақпарат www.renault.kzwww.eubank.kz сайттарында, Қазақстандағы Renault дилерлерінің ресми сайттарында, сондай-ақ 7722 (ұялы телефоннан – тегін) шұғыл желі арқылы қолжетімді.

«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 146 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы. Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы наградалармен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2014 және 2012жж.
«Рено Россия» ЖАҚ – Ресейде 1998ж. ашылған, өнеркәсіптік және коммерциялық қызметпен айналысушы Renault кәсіпорны. Жергіліктендірілген модельдік қатар Ресейдегі Renault жиынтық сатылымында 90% үлеске ие. Қазіргі уақытта компанияның Мәскеу қаласында (қуаты жылына 180 000 автомобиль шығаратын зауыт) және Тольятти қаласында (жалпы қуаты үш марка үшін жылына 350 мың автомобиль шығаратын B0 өндірістік желісі) өндірістік алаңдары бар. Ресейдегі Renault дилерлік желісі бойынша 100-ден аса қалада 170 сату орны жұмыс істейді.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.