2017 жылғы 28 маусым, Алматы, – Халықаралық рейтингтік агенттік Standard & Poor’s «Еуразиялық банк» АҚ «В/В» қарсы агенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін растады. Және де Қазақстанның ұлттық шәкілі бойынша банктің рейтингі «kzBB» деңгейінде расталды.
Агенттіктің ресми хабарламасында көрсетілгендей, қазіргі уақытта Еуразиялық банктің тәуекелі бойынша позиция «бірқалыпты» деп бағаланады, бұл S&P рейтингтерді тағайындайтын басқа қазақстандық банктердің көбінің баға беруіне сәйкес келеді. Есепте көрсетілген Банк активтерінің сапасы, сондай-ақ жалпы мүмкін болатын проблемалық кредиттердің көлемі сектор бойынша орташа көрсеткішке сәйкес келеді.
«Жағымды фактор ретінде біз бөлшек кредиттеу секторындағы, әсіресе автокредиттер сараланымында Еуразиялық банктің жетекші нарықтық позициясын, тәуекелдерді қабылдауға шамалы бейімділігін және бизнестің анағұрлым әртараптандырылған моделін атап өтеміз», – делінген S&P хабарламасында.
Рейтинг бойынша болжам «тұрақтыдан» «жағымсызға» қайта қаралды. «Болжамды қайта қарау, біздің ойымызша, Еуразиялық банктің капиталдандыру көрсеткіштері Қазақстандағы күрделі операциялық ортаның жағдайларында қысымда қалуы мүмкіндігімен ескерілген. Біздің түсінгенімізше, қазіргі уақытта банк акционерлері капиталдың қосымша әсер етуі арқылы оған қолдау көрсетуге дайындығын білдіреді, алайда, біз бұл дайындықтың азаю мүмкіндігін жоя алмаймыз», – делінген хабарламада.
«Макроэкономикалық сын-тегеуріндерінің өрістеу жағдайында біз банк рейтингтерінің расталуын айтарлықтай жетістік және таңдалған стратегиялардың дұрыстығының куәсі ретінде қарастырамыз. Банк акционерлері оның кейінгі тұрақты дамуына бағытталған – 2016 жылдың аяғында банкке жаңа команда шақырылды және 5-жылдық стратегия қабылданды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусымында акционерлер банк капиталына 6 млрд теңге мөлшерінде ақша құйды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Еуразиялық банк» АҚ-ны ірі және әлеуметтік маңызды банк деп қарастыратынын атап өту керек және осыған орай, банк секторының қолдау бағдарламасына қосылатын болады, оның старты 2017 жылғы тамыз – қыркүйекке жоспарланды. Еуразиялық банк бағдарламасының аясында банкке банктің әрі қарай капиталдануына акционерлер бірлесіп қатысқан кезде тәртіптелген қарыз берілетін болады. Бұл сондай-ақ акционерлердің активті қолдауға дайын екендіктерін дәлелдейді және бізге даму болашағын сенімді бағалауға мүмкіндік береді», – деп түсінік берді Павел Логинов, «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы.
Анықтама:
Еуразиялық банк – 1994 жылы негізі қаланған әмбебап қазақстандық банк. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск,Омскі мен Челябинскте кредиттік-кассалық офистері бар. S&P рейтингі: В, «тұрақты» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жылдар.
Еуразиялық банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 4%-нан артық үлесіне және оның металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібінің үштен бір бөлігіне ие табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы ірі әртараптандырылған компания – Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») иелеріне тиесілі. Қазір Eurasian Resources Group феррохромның ең ірі өндірушісі, сондай-ақ темір кенінің және глиноземнің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Eurasian Resources Group өндірістік активтері мен кен орындарын өңдеуге қатысты жобалары төрт континентте де бар. Сонымен қатар Компания саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Әлемде Топтың қызметкерлер қатары 80 000 қызметкерден аса санға ие. Топ акционерлері: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев.