logo
Қз

S&P Еуразиялық Банктің рейтингтер бойынша болжамын жоғарылатты

18.07.2013, Алматы Standard & Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ-тың рейтингтер бойынша болжамын «тұрақтыдан» «оңға» дейін жоғарылатты. Агенттік сонымен қатар контрагенттің ұзақ мерзімді «B+» рейтингі мен қысқа мерзімді «В» рейтингін растады. Ұлттық шкала бойынша «kzBBB» рейтингін «kzBBB+» рейтингіне дейін жоғарылатты.

Еуразиялық Банк Қазақстанның банктік қызмет нарығындағы өзінің ұстанымдарын нығайтты, — делінген S&P соңғы талдаушылық шолуында. — 2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Банктің активтер көлемі нарық көлемін 3,5%-ға дейін арттырды… Банктің табыс көрсеткіштері тәжірибелі батыстық және қазақстандық банкирлердің басқаруымен айтарлықтай жоғарылады. 2012 жылы активтер тиімділігі 2,4%-ды, ал меншік капитал тиімділігі 25%-ды құрады… Банк нарықтың салыстырмалы қатысушыларынан айтарлықтай ерекшеленетін активтердің тұрақты сапа көрсеткіштерін ұстап тұруда. Ағымдағы табыстылық көрсеткіштері бойынша Банк елдің жетекші 10 банкінің арасындағы басты орындарының бірін иеленген… Біздің ойымызша, Банктің Қазақстанның банк секторында одан әрі табысты дамуы үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Еуразиялық банк таңдаған жолын жалғастыратын болса, тәуекелдерді сенімді басқару жүйесінің, консервативтік даму стратегиясы мен тәжірибелі менеджерлер командасының арқасында нарықтың салыстырмалы қатысушыларымен салыстырғанда тұрақтылығы арта түседі, — деп санаймыз.

«Standard & Poors агенттігінің Банктің болжамын жоғарылатуы — бұл біздің бизнес-жоспарларымыз бен қол жеткізген қаржылық нәтижелердің лайықты мойындалуы. Клиенттерге сапалы қызмет көрсету және тәуекел-менеджмент саласында бағындырар белестер алда. Біздің міндетіміз — келесі жылы рейтингті  BB-ке дейін жоғарылатуға қол жеткізу, — деп мәлімдеді «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.

 

Анықтама:

«Еуразиялық банк» АҚ барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 120 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар.

KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы. Банктің табысты қызметі 2012 жылы «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney), «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance) және «Қазақстандағы жыл Банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі 
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.