logo
Қз

Сарапшылар Қазақстанда жаңа тұтынушылық серпілісті болжауда

12.03.2013, Алматы. Бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық ритейл нарығының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Банктік сектор мен ритейл мамандары биылғы жылы тұтыну нарығында серпіліс болатынын болжауда. Бұл әлемдік дағдарыстан кейінгі экономиканың қалпына келуіне және жаңа банктік өнімдердің пайда болуына байланысты.

Конференцияда «Еуразиялық Банк» АҚ атқарушы директоры Бертран Госсар атап өткендей, биылғы жылдың 1 қаңтарына шаққанда, екінші дейгейдегі қазақстандық банктердің тұтыну несиелерінің қоржыны 41,2%-ға артып, 1 526 574 млн.теңгені құрады.

«Экономикалық дағдарыс жылдары халықтың тұтыну белсенділігі біршама төмендеді», – дейді «Еуразиялық Банк» АҚ атқарушы директоры Бертран Госсар. – Алайда қазір нарықтағы жағдай теңеліп қана қоймай, барлық көрсеткіштер бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Адамдар тұрақтылықты сезініп, ертеңгі күнге сеніммен қарай бастады. Оның үстіне нарықта қарапайым тұтынушының өмірін біршама жақсартатын жаңа құралдар қатары көбейді».

Жаңа өнімдер тұтынушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Қаржыгерлер әлемдік дағдарыс сабақтарын ескере отырып, жаңа несиелік көпіршік тудыру тәуекелдігі жоқ өнімдер ұсынуда. Еуразиялық банк және желілік ритейл сегментіндегі көшбасшылардың бірі – Alser цифрлық техника дүкендер желісі былтырғы жылдың желтоқсан айында табысты кобрендингтік өнім – Visa платформасында әмбебап банктік карточканы іске қосты. Стандартты банктік операциялармен қатар, карточка Alser компаниясының желілерінде және жобаның әріптес компанияларында тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда жинақталған бонустар саны 120 миллион бірлікке жетті», – деп журналистерге Alser цифрлық техника дүкендер желісінің атқарушы директоры Григорий Тәжімұратов мәлімдеді. – Биылғы жылдың соңына дейін біз әріптестермен бірігіп клиенттік базаны 700 мың адамға дейін жеткізуді көздейміз. Бұл бағдарлама қазақстандықтардың тұтыну белсенділігін арттыруға да ықпал етеді.Кобрендингтік карта иелері сатып алатын тауардың бастапқы құнынан 90%-ға дейінгі жеңілдікпен ала алады. Сонымен қатар жоба әріптестері 1 наурыз бен 1 мамыр аралығында Alser Like IT бағдарламасына қатысушыларға арнап 200 жүлде ойнатады. Бұл сатылымды ұлғайтудағы тағы бір ынталандыру болмақ».

Жаңа өнім Visa халықаралық төлем жүйесінің қатысуымен құрылды. «Еуразиялық банк, Visa және Alser әріптестігі өзін жақсы таныта білген картаны сенімді, қауіпсіз және ыңғайлы барлық артықшылықтарға ие толыққанды төлем құралына айналдыруға мүмкіндік берді, – дейді Қазақстандағы Visa бизнесті дамыту жөніндегі менеджер Салтанат Құбдашева. – Бұл кобрендингтік бағдарламаның табысы халық арасында төлем картасына деген жоғары қызығушылық барын көрсетеді. Біз оның арқасында тағы көптеген адамдар заманауи төлем құралын пайдаланудың барлық қолайлылығын бағалай алады деген ойдамыз».

Бертран Госсардың айтуынша, биылғы жылы қазақстандық банктер тұтыну белсенділігін арттыруға ықпал ететін бірнеше маңызды жобаны бірден іске қосуды жоспарлауда.

Мәлімет үшін:
«Еуразиялық банк» АҚ- Қазақстанның бұрыннан келе жатқан қаржы мекемелерінің бірі. Тіркелу мерзімі 1994 жылғы 26 желтоқсан. Банктің негізгі стратегиясы – клиенттік базаны кеңейту, Банкті филиалдық желілері дамыған ашық, әмбебап қаржы институтына айналдыру. Бүгінгі таңда Банктің Қазақстаннің ірі қалаларында 20 филиалы мен 120 бөлімшесі бар. 01.01.2013 жылға шаққанда Банк активтерінің көлемі 465,9 млрд. теңгеден асып, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 28%- ға артқан.

Ресейде (Мәскеу) еншілес банкі бар. Соңғы рейтингісі S&P:B+, болжамы «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы. Банктің 2012 жылғы қызметінің жемісті болғандығын Қазақстанның үздік банкі (Euromoney) , Қазақстанның үздік бөлшек банкі (AsianBanking & Finanse) және Қазақстанның жыл банкісі (The Banker) номинацияларындағы наградалары дәлелдеп отыр.

Alser цифрлық техника дүкендер желісі — Қазақстанның компьютерлік нарығындағы көшбасшылардың бірі, ол 1995 жылдан бері қызмет жүргізіп келе жатыр. Компанияның Қазақстандағы нарықтық үлесі GFK агенттігінің мәліметі бойынша 20% құрайды. Бүгінгі таңда Alser бөлшек сауда желісінің барлық облысты қосқанда Қазақстанның 21 қаласында 45 дүкені бар.

Visa —карта иелерінің 200-ден астам елде сауда-сервистік кәсіпорындарға, қаржылық және үкіметтік мекемелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін ғаламдық төлем жүйесі. Электрондық төлем тұтынушыларды алаяқтықтан қорғауды және сауда-сервистік кәсіпорындар үшін төлемді жүзеге асыру кепілдігін қамтамасыз ете отырып, секундына 24000 астам транзакцияны өңдеуге қабілетті VisaNet ғаламдық инновациялық процессингтік жүйе арқылы жүзеге асырылады. Visa банк емес, төлем карталарын шығармайды, тұтынушылар үшін комиссия не пайыздық мөлшерлемелер белгілемейді, карта иелеріне несие бермейді. Сонымен қатар, Visa-ның инновациялық шешімдері қаржылық ұйымдарға өз клиенттеріне қаржылық құралдарды таңдайтындай ұсыныс жасауларына мүмкіндік береді.

Карта Alser Like IT – Alser дүкендер желісінде тауар сатып алу кезінде бонус алуға және көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бонустар «ҚазМұнайГаз» АҚ жанармай станциялары, «Сұлулық Планетасы» сауда желісі, МЕТРО бөлшек сауда желісі, Beeline ұялы байланыс операторы сынды жоба әріптестерімен қолма-қол және қолма-қол емес сауда жасағанда, Үйдегі Интернет қызметі үшін төлем енгізгенде бонустар беріледі. Карта иелері жинаған бонустарын Alser .дүкендер желісінде сауда жасағанда төлем ретінде пайдалана алады.

Alser Like IT картасы Visa жүйесінің толыққанды төлем картасы болып табылады. Оны бүкіл әлем бойынша тауарлар мен қызметтер үшін ақша төлегенде және қолма-қол ақша шығарып алу үшін пайдалануға болады. Келешекте картаның көмегімен олар Еуразиялық банк несиелерін өтеу, банктен тез арада бөлшек займдар алу, Еуразиялық банк банкоматтарында түрлі провайдерлер мен жеткізілімшілердің қызметіне төлеуге, Банк пен Visa төлем жүйелерінің акцияларына қатысуға және жүлделер жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады. Alser Like IT картасын Alser дүкендер желісінің кез келген нүктесінде тауар алғанда немесе Еуразиялық Банктің кез келген бөлімінде ресімдеуге болады.

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (ішкі 4802)

Malika.Buldekbayeva@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.