logo
Қз

Сейфтік сақтаудағы айрықша шешім

Алматы, 2012 жылғы 02 шiлде – Еуразиялық банк нарықта сейфтік сақтау саласында тың технологиялық шешім ұсынады. «Жайлау» гольф-курортындағы Еуразиялық банк бөлімшесінде бірегей депозитарий ашылды. Енді Банк клиенттері депозиттік ұяшықтарға аптасына 7 күн, тәулік бойы қолжетімділікке ие.

Автоматты жүйе қорғаныс дәрежесі жоғары, тәулік бойы жұмыс істейтін автономды депозиттік қойма болып табылады. Сейфтік ұяшықтар толық сенімділікті қамтамасыз ететін заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.

Клиенттің сақталатын құндылықтарға тәуліктің кез келген уақытында құпия және жасырын қолжетімділікті пайдалануға мүмкіндігі бар.

Еуразиялық банктің бірегей депозитарийіндегі ұяшықты жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да ресімдей алады. Сондай-ақ сейфке корпоративтік қолжетімділіктің мүмкіндігі бар, бұл клиенттерге бір ұяшықты бірнеше тұлғалар бір уақытта қолдануға мүмкіндік береді. Сейфке қолжетімділік құқығына клиент пен серіктестері ие.

«Бөлшек қызметтердің инновациялық орталығы ашылғаннан кейін біз өз клиенттерімізге бірегей депозитарийді қоса ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Бұл дәстүрлі банктік сейфтік депозиттік ұяшықтарға лайықты бәсеке туғызары анық», – деді депозитарийдің ашылуында сөз алған «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Заин Маджидулла.

Бүгінгі күні қазақстандықтардың банктік қызметтер мен қызмет көрсету сапасына деген талаптары артып келеді. Көп салалы тәулік бойы өзіне өзі қызмет көрсету қызметі – клиент талаптарына жауап беретін, нарықтың дамушы бағыты болып табылады.

Құрылғының қарапайым, жылдам және сапалы қызмет көрсетуі, құпиялылықтың, қауіпсіздіктің кепілдігі, ұяшықты қысқа мерзімге жалдау мүмкіндігі мен оған Банк қызметкерінің көмегінсіз қолжетімділік – бұл Еуразиялық банк клиентінің өзінің бағалы заттарын сақтау үшін депозитарий таңдаған кездегі артықшылықтары.

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.