logo
Қз

Баспасөз релизі

Asian World Film Festival президенті Шухрат Ибрагимов Брюс Ли Қорымен бірлесе отырып, әлемдегі алғашқы Брюс Ли Сыйлығын тағайындады

18 қараша 2021 жыл

Алматы

Asian World Film Festival президенті болып табылатын Шухрат Ибрагимов Брюс Ли Қорымен бірлесе отырып, әлемдегі алғашқы Брюс Ли Сыйлығын тағайындаған болатын. Актёр, каскадёр және жауынгерлік жекпе-жек шебері Энди Ченг оның алғашқы иегері атанды. Сыйлық Беверли-Хиллз (АҚШ) қаласындағы Сабан Театрында Asian World Film Festival 2021 салтанатты жабылу рәсімі кезінде табыс етілді.

 

“Дүние жүзінің киноиндустриясы қиын кезеңді басынан өткерді, біздің Фестиваль де бірқатар кедергілерге тап болды. Түптің түбінде ұзақ үзілістен кейін біз бір-бірімізбен жүздестік. Қиын-қыстау кезеңдердің өзінде керемет картиналар дүниеге келді. Біздің Фестивальдің қонақтары оларды тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Біз Азияда киноны қолдау және дамыту бойынша ірі амбициялық мақсаттарды көздедік. Келесі жылы біз екі ауқымды іс-шараны – Стамбулда телевизиялық сериалдар фестивалін және Алматыда вайнерлер фестивалін өткізуді жоспарладық”, – деп атап өтті Asian World Film Festival 2021 жабылу салтанатында оның президенті Шухрат Ибрагимов.

 

Asian World Film Festival жетінші рет өтіп жатыр. Оның негізін қырғыз қоғам қайраткері Садық Шер-Нияз құрып, Еуразиялық банк Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов қолдау көрсетті. Аймақтардағы кинематографистердің шығармашылығына көбірек назар аудару, азиялық кинематографистер мен Голливуд киноиндустриясының арасындағы байланысты нығайту үшін Фестиваль Лос-Анджелесті Азия әлемі киносының үздік өкілдерімен таныстырады. Фестиваль Түркиядан Жапонияға дейін, Ресейден Үндістан мен Таяу Шығысқа дейін Азияның 50-ден астам елінде түсірілген фильмдер үшін өз алаңын ұсынады. Барлық қатысушыларға киноакадемия, Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы және ойын-сауық гильдиясы мүшелерінің сараптамалық бағасын алудың бірегей мүмкіндігі беріледі.

 

Биылғы жылы Фестивальдің басты үш марапатына ие болғандар: режиссер Леван Когуашвилидің Үздік фильм деп танылған “Брайтон 4” (Грузия) картинасы, “От” (Қазақстан) фильміндегі ең үздік ер рөлін сомдаған Төлепберген Байсақалов және “Yuni” (Индонезия) фильміндегі ең үздік әйел рөлі үшін Аравинда Киран.

 

Төлепберген Байсақалов үшін сыйлықты Шухрат Ибрагимов қабылдады.  Жақын арада Фестивальдің арнаулы мүсінiшесі «Қар барысын» Қазақстанға әкеліп актерға табыстайтын болады.

 

Disney компаниясы фестиваль ұйымдастырушыларына режиссер Хлоя Чжаоның “Мәңгі өлместер” фильмін әлемдік тұсаукесерден бұрын көрсетуге және Анжелина Джоли, Сальма Хайек және Ричард Мадден сияқты жұлдыз-актерлердің шебер ойынына тамсануға мүмкіндік берді.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 4401. press@eubank.kz

eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.