logo
Қз

Еуразиялық банктің Smartbank жүйесі – жаңалықтардан хабардар болыңыздар!

17.03.2014, Алматы. Еуразиялық банктің жаңа Smartbank жүйесінің рекорды – күніне 400-ден аса жаңа пайдаланушы! 2013 жылғы ақпанда жаңа жүйені іске қосқан сәттен бастап 70 мыңнан аса адам Smartbank клиенттерінің қатарына қосылды. Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында ғана жүйе пайдаланушыларының қоры 25 905 адамға ұлғайды.

 

«Клиенттерге жаңа Smartbank бірден ұнады: транзакциялар мен айналымдар бойынша көрсеткіштер жыл ішінде бірнеше еселеніп, айына 20%-25%-ға өсті. Биылғы жылы Еуразиялық  банктің клиенттері ең қолайлы және заманауи құралдарды, жаңа функциялар мен жаңа қолжетімділік арналарын меңгеруді жалғастыратын болады. Банктердің клиент үшін ендігі шайқасы желіде болмақ, бұл тұрғыдан Еуразиялық банктің мықты қаруы қолда. Сондай-ақ, бірнеше тосын сый бар. Жаңалықтардан хабардар болыңыздар!» – дейді интернет-банкингті қолданысқа енгізу және дамыту жобасының басшысы Константин Диюнов.

 

Жүйенің функционалы ұдайы кеңейтілуде. Бүгінде  Smartbank арқылы АЕО, АЛСЕКО, Қазақтелеком және басқаларын қоса, коммуналдық және басқа да қызметтер бойынша 145 жабдықтаушының қызметін төлеуге болады. Интернет-банкингтің артықшылығы мен пайдасын бағалайтын клиенттер саны күн сайын артуда, ол дегеніміз: шотты төлеу, ақша аудару, қажетті валютаға айырбастау, депозитті толықтыру және басқа да көптеген қызметтерді кезексіз, кез келген қолайлы уақытта компьютер немесе ұялы телефон арқылы төлеу мүмкіндігі. Операцияларды орындауда интернет-жүйені пайдалану комиссиясы бөлімшелермен салыстырғанда төменірек.

 

Пайдаланушылар кредитті комиссиясыз, қолайлы әрі қауіпсіз өтеу тәсілін бағалады. Smartbank өз кредитіңізді ғана емес, сондай-ақ туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қарыздары бойынша төлем жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін Шарт нөмірі мен ЖСН ғана керек.

 

Банк өткен жылы  тіркеу рәсімін жеңілдетіп, интернет-банкинг жүйесін жетілдірілді: енді Smartbank’те Еуразиялық банктің бөлімшесіне келмей-ақ, банкомат арқылы тіркелуге болады. Банк нарық үрдісі мен клиенттердің сұраныстарын негізге ала отырып, жаңа сервистер мен он-лайн банкинг жүйесін дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
2014 жылғы бірінші жартыжылдықта «Онлайн депозит ашу» жаңа қызметін іске қосу жоспарланған. Әзірлемеде – сәуір айында-ақ интернет-дүкендерге жүктеуге болатын iOS және Android платформаларына арналған  Smartbank арнайы мобильді қосымшасы. Еуразиялық банктің Smartbank-ті пайдаланушы клиенттеріне жаңа өнімді көшіріп алу сілтемесі бонус ретінде ұсынылады.

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.