logo
Қз

2011 жылғы 18 қазанда «Жайлау» гольф-курортында Еуразиялық банк баспасөз клубының кезекті отырысы өтті

Отырысқа «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Майкл Эгглтон, оның орынбасары Сейтжан Ермекбаев және басқарушы директор Анна Бичурина, сондай-ақ Қазақстанның жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

 

Отырыс басында Майкл Эгглтон баспасөз клубының мүшелерін Банк жұмысының 2011 жылдың 9 айының негізгі қорытындыларымен қысқаша таныстырып өтті. Спикердің айтуы бойынша есепті кезеңдегі қаржы институтының басты жетістігі – 4,087 млрд. теңге кіріс кіргізу болды, ол Банктің бүкіл 17 жылғы қызметіндегі ең жоғары көрсеткіш. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Банктің несие портфелі өткен жылдың осыған сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35%-ға артып, 263,7 млрд. теңгені құрады.

 

Майкл Эгглтонның пікірінше, несие портфелінің осыншалықты әсерлі серпінділігінің негізгі себептері дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасын сауықтыру және корпоративтік сегментте де, сондай-ақ бөлшек бизнес сегментінде де жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік берген «Еуразиялық банк» АҚ бизнесінің сенімділігі болды.

 

Бұл ретте Банк бизнесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі – шығыстардың кірістерге қатысы (CIR) 60% бақылау белгісінен төмендеп, 58%-ға дейін қысқарды. Спикерлер Банктің есепті кезеңдегі жұмыс қорытындыларын талқылау шеңберінде журналистердің өтініштері бойынша негізгі қаржы көрсеткіштеріне жан-жақты түсініктеме берді.

 

Одан әрі қарай Банктің баспасөз клубы мүшелерінің бастамасымен «Еуроаймақ күзі: шыңырау шегі қауіп пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған тақырып соңғы уақытта Қазақстан қоғамындағы ең өзекті және ең көп талқыланып отырған мәселенің бірі екені анық. Шынымен де, еуроаймақтағы дағдарыс жағдайы толық ауқымды қаржылық-экономикалық дағдарысқа айналуы мүмкін бе? Жалпы Қазақстан экономикасы үшін және нақты айтқанда банк жүйесі үшін оның қандай салдары болуы мүмкін? Осы және басқа да мәселелер интерактивті сұхбаттасу тәртібінде талқыланды.

 

Еуразиялық банк басқармасының төрағасы өзінің кіріспе сөз басында бүгінгі күні әлемдік экономика процестеріне көптеген әр алуан және қарама-қайшы факторлар әсер етіп отырғандығын мәлімдеді. Осыған байланысты, еуроаймақтың одан әргі тағдыры туралы қандай да бір нақты болжамдар жасау қиын. Солай бола тұра еуропалық экономика дағдарыс кезеңін бастан кешіріп отырғаны анық.
Дөңгелек үстел барысында еуроаймақ дағдарысының қазақстандық қаржы жүйесі үшін ықтимал болатын салдары мәселесіне басты назар аударылды.

 

Баспасөз клубының мүшелері өз сөздерінде Қазақстанның экономикасы өткен 2-3 жылда бұрынғыдан қуаттырақ және теңгерімделді деген пікірді қолдады. Мысалы, банктік сектордың сыртқы берешегі шамамен 2,5 есе қысқарды, елдің алтын валюталық қоры 70 млрд. АҚШ долларынан асты. Мемлекеттік–жеке меншік серіктестіктің «Бизнестің жол картасы – 2020» ауқымды бағдарламасы мен индустриалды-инновациялық дамудың жеделдетілген бағдарламасы іске қосылды. Еліміздің аграрлық секторы мемлекет тарапынан қомақты қолдау көріп, жоғары даму қарқынын көрсете бастады. Азаматтар мен бизнестің шығыс пен кірісті сәйкестікке келтіре отырып, қаражатқа қарай өмір сүріп үйренгені де маңызды шарттардың бірі.

 

Осылайша, бүгінгі күні Қазақстанның экономикасы 2008 жылға қарағанда сыртқы әсерлерге тұрақтылау. Сонымен қатар Майкл Эгглтонның айтуынша, Қазақстанның экономикасы жаһандық нарықтардағы күйзеліс жағдайларында да ең аз болса да дамуын жалғастыруға дайын.
Дағдарыстан кейінгі даму болашағы туралы спикерлердің ойлары бір жерден шықты, атап айтқанда банктік сектордың Қазақстанның экономикалық дамуына қатысу тиімділігі несие портфелдерін зиянды активтерден тазарту мәселесін шешуге тікелей байланысты. Аталған мәселені табысты шешу Қазақстан экономикасының барлық секторларының дамуына қуатты серпін берері сөзсіз.

 

Бұл ретте Майкл Эгглтон барлық жағдайларда да банктік бизнестің түп тамыры тәуекел-менеджмент екенін және болашақта да солай болатындығын атап өтті. Банктік сектордың ғана емес, сондай-ақ жалпы ел экономикасының да «салауаттылығы» Банктердің тәуекелдерді басқаруына байланысты.

 

Пікірталасты қорытындылай келе, Майкл Эгглтон былай деді: «Еуропалық экономика қиыншылық кезеңдерін бастан кешіріп отырғаны мәлім. Дегенмен, Қазақстанның экономикасы даму үстінде екені де мәлім. Біз болашаққа сенім артамыз және бизнесіміздің корпоративтік, бөлшек, шағын және орта бизнестің барлық салаларында дамуын жоспарлап отырмыз».

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.