logo
Қз

Еуразиялық банк қызметкерлері Есіл жағалауын майлықтар мен пластиктен тазартты

Алматы, 2022 жылғы 9 маусым

Еуразиялық банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының қызметкерлері Еуразиялық экологиялық қор (EEF) өкілдерімен бірлесіп, Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орайластырып, Есіл өзенінің бір шақырымдық жағалау сызығын қоқыстан тазартты.

 

Полигонға сұрыптау үшін 100 қап қоқыс жөнелтілді. Пластикті, қалайы қаңылтырлар мен шыны бөтелкелерді қосқанда, қоқыстардың бір бөлігі қайта өңделетін болады. Пандемиядан кейін қоқыстың түрлері де айтарлықтай өзгерген, енді қалдықтардың басым бөлігін майлықтар мен бетперделер құрайды.

 

“Кейбір қызметкерлердің сенбілікке балаларын ертіп келгені өте жақсы болды, бұл мектептегі кез-келген экология сабағынан артық мысал. Олар өз қаласын сүйіп, күтіп ұстауды үйренетін болады”, — деді банктің астаналық филиалының директоры Назым Оразғұлова.

 

Елорданың Есіл ауданында сенбілікті ұйымдастыруды белгілі экобелсенді Шасалим Шагалимов өз мойнына алды.

 

— Еуразиялық банк қызметкерлерінің экологиялық акцияны өткізу туралы бастаманы қолдағандарына ризамын, сондықтан басқаларды да осы акцияға қосылуға шақырамын. Әңгіме сенбілікте ғана емес, әр адам өзінен кейін қоқыс қалдырмауға дағдылануы тиіс. Еліміздің тазалығын біз ойламасақ, кім ойлайды, — деді Шагалимов.

 

Еуразиялық банк “Жасыл кеңсе” республикалық мәртебесіне ие болды, бұл банкте тұтыну, қоқысты дұрыс сұрыптау ақылға қонымды жолға қойылғанын және қоршаған ортаға қамқорлық жасау қағидаты сақталатынын білдіреді.

 

— Мұндай бірлескен іс-қимылдар бізге өз елімізді, жерімізді және табиғатымызды болашақ ұрпақтар үшін сақтау қажеттілігін ұғындырады. Акция да, оған қатысушылар да керемет жандар, – деді Еуразиялық экологиялық қордың бас директоры Саян Бірімжан.

 

Сондай-ақ Еуразиялық банктің жасыл бонусы бар қайта өңделген пластиктен жасалған Қазақстанда бірінші және жалғыз дебеттік картаны шығарғанын айта кеткен жөн. Клиенттердің жанасусыз төлемдерінен түскен қаражаттың бір бөлігі Еуразиялық экологиялық қордың экологиялық жобаларына жұмсалады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.