logo
Қз

Совкомбанк қазақстандық «Еуразиялық банк» АҚ-тың ресейлік «еншілесінің» 100% акциясын сатып алады

Мәскеу, Ресей,  2020 жылдың 4 желтоқсаны Совкомбанк пен Еуразиялық банк қазақстандық «Еуразиялық банк» АҚ-тың Ресейдегі еншілес банкісінің 100% сатып алу бойынша міндеттейтін келісім жасалғаны туралы хабарлайды. Тараптар мәміле сомасын жария етпеді. Мәміле бойынша құжаттар Ресей Банкіне келісімдеуге жіберілді. 

 

«Еуразиялық банкті сатып алу біз үшін банктің ТМД елдеріндегі мүдделерін дамыту жолындағы, атап айтқанда, бірлескен жобаларды іске асыру үшін Қазақстанның ірі қаржы институтымен жұмыс істеу жолындағы маңызды қадам болып табылады. Өз кезегінде Еуразиялық банктегі біздің серіктестеріміз үшін бұл Ресейдің жоғары бәсекеге қабілетті банк нарығынан шығуға және негізгі бизнеске қатысудың негізгі нарығына шоғырлануға жақсы мүмкіндік.

 

Совкомбанк Қазақстанда активтерді сатып алуды жоспарламайды, бірақ екі елдегі ірі корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету бойынша банктер арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға бағыт алды», — деп хабарлады Совкомбанктің бірлескен иесі және басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сергей Хотимский.

 

«Ресейлік активті сату — Банктің стратегиялық жоспарының бөлігі. Біз Қазақстанда және Орталық Азиядағы көрші елдерде бизнесті одан әрі дамытуға баса назар аударудамыз. Банк Ресей нарығына одан әрі қатысуды біздің ресейлік серіктестерімізбен бірлескен жобалар арқылы жалғастыратын болады», — деп мәлімдеді Бас Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

«Еуразиялық банк» АҚ, Мәскеу

123317, Мәскеу қ., Пресненская наб., 8-үй, 1-құр

Тел: +7 (495) 287-99-66

 

Байланыс деректері:

«Еуразиялық банк» АҚ-тың Қазақстандағы PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

https://eubank.kz/

Instagram   Facebook

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.