logo
Қз

Қазақстандық банктер мен байланыс операторларының бірлескен мәлімдемесі

Beeline, Eurasian Bank, Forte Bank, Halyk Bank, Home Credit Bank, Jusan Bank, Kaspi Bank, Kcell, Nurbank, Tele2/Altel, Центр Кредит Банкі, Банк VTB (Қазақстан)

 

Құрметті клиенттер!

 

Соңғы уақытта қаржы алаяқтығының жаңа түрі пайда болды. Қаражатыңыздан айырылып қалмас үшін, сақтандыру мақсатымен сіздерге ескертуге асығамыз.

Алаяқ қазақстандық немесе шетелдік нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Ол телефон байланысы қорғалмағанын айтып, WhatsApp немесе басқа мессенджер арқылы сөйлесуді ұсынады.

 

Чатта алаяқ банк қызметкерінің қолдан жасалған куәлігінің фотосын жібереді.

 

Алаяқ сіздің қаражатыңызды біреулердің ұрлауға тырысып жатқанына сендіріп, оны «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіреді. Бұдан кейін ақшаны алып, із жасырады.

 

Біз қазақстандық банктердің қызметкерлері телефон арқылы сөйлесу кезінде қаражатты ешқашан басқа шотқа аударуды ұсынбайтынын, құпиясөздер мен кодтарды сұрамайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстандық банктердің қызметкерлері клиенттеріне ешқашан шетелдік нөмірден қоңырау шалмайды.

 

Жаңа алаяқтық схемасы қалай пайда болды?

 

Әдетте алаяқтар  шетелде отырады. Бұрын арнайы интернет-сервистердің көмегімен шетелдік нөмірлерін қазақстандық нөмір сияқты көрсете алатын. Алайда қазақстандық байланыс операторлары нөмірді ауыстырып көрсету мүмкіндігіне шектеу жасады. Осылайша, алаяқтарға өздерін қазақстандықтар сияқты көрсете алуы қиындай түсті, сондықтан олар шетелдік нөмірден қоңырау шалады. Олар шетелдік нөмірдің сенім ұялатпайтынын түсінеді, сондықтан аватарында танымал банктің логотипі көрсетілген, мессенджердегі «қорғалған чатта» жалғастыруды ұсынады.

 

Сонымен қатар қаскөйлер бұған дейін белгілі болған алаяқтық түрлерін де қолдануды жалғастыруда. Өтінеміз, сақ болыңыз!

 

1. Сөйлесуді бірден тоқтатыңыз (Өзіңіз қызметін тұтынатын банктің колл-орталығына қоңырау шалып, күдікті қоңырау туралы хабарлап, шоттарыңыздың тұтастығына көз жеткізуге болады).

2. СМС хабарлама арқылы келген құпия кодтарды, интернет-банкингтегі жеке кабинетіңіздегі құпиясөзді ешқашан, ешкімге айтпаңыз  

3. Қоңырау шалғандардың өтінішімен басқа шоттарға қаражатыңызды аудармаңыз

4. Олардың нұсқауымен бөгде мобильді қосымшаларды жүктеп алмаңыз!

5. Таныс емес адамар жіберген сілтемелерді ашпаңыз.

 

Бұл қаржылай қауіпсіздіктің қарапайым ережелері сізге алаяқтардан сақтанып, қаражатыңыздан айырылып қалмауға мүмкіндік береді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.