2018 жыл желтоқсанның 5-сі, Алматы қ., Пресс-релиз. S&P Global ratings халықаралық рейтингті агентігі «Еуразиялық банк» АҚ эмитентінің (ары қарай – Банк) ұзақ және қысқа мерзімді «В/В» деңгейдегі несиелеу рейтингісін растады. Болжам өзгеріссіз қалады. Одан бөлек банктің рейтингісі халықаралық шкала бойынша «kzBB+» деңгейі расталады.
S&P: «Рейтингтердің расталуы біздің «Еуразиялық банк» АҚ өзінің нарықтағы депозит сегменті және алдыңғы қатарларда тұрған тауар алуға арналған несиелер, әсіресе автонесиелеу бойынша және бірқалыпты қаржыландыру базасы, өз еліндегі брендтің танымалдылығына байланысты артықшылықтарды алады деп ойлаймыз». Одан бөлек агенттіктердің аналитиктері банктің өтімділігін де бағалады – «едәуір тұрақты қаржыландыру базасының аясында өтімділік резервтерінің жеткіліктілігі, оның қаржылық жағдайына байланысты өнеркәсіптік тәуекелдердің артуы тұрғысынан біздің көзқарасымызды қолдайды».
«Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Павел Логиновтың айтуынша: «Рейтингілік іс-әрекет банктің таңдаған даму стратегиясының дұрыстығын көрсетеді, ол банкке тұрақты нарықтық негізді және тәуекелдің бақыланатын деңгейі бар активтердің жоғары сапалы табыс қоржынымен қамтамасыз ететін бөлшек бизнесті дамытуға баса назар аударады. Өкінішке орай, біз ҚР банк секторының тәуекелдерінің жалпы өсуіне куә болып отырмыз, бұл нарық қатысушыларына кері әсерін тигізеді және банктің несие тәуекелдерін ұқыпты қарауды талап етеді».
2017 жылы қыркүйек айында қабылданған жаңа даму стратегиясы өзінің нәтижелерін берді: 2018 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банк ҚР ЕДБ арасында несиелеу портфелінің көлемін ұлғайтып, 5-ші орыннан 4-ші орынға орналасты.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:
+7(727) 2599 599 ін.3453
press@eubank.kz
www.eubank.kz