Агенттіктің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы баспасөз хабарламасына сәйкес «Еуразиялық банк» АҚ-ның рейтингтері оның «бірқалыпты бинес-айқындамасын, капиталдандыруын және табыстылығын, тәуекел бойынша дұрыс айқындамасын, қорға айналдырудың орташа көрсеткіштері мен өтімділіктің теңдестіктегі көрсеткіштерін білдіреді. Ал «Тұрақты» болжамы «Қазақстан экономикасының даму келешегінің жақсаруын және операциялық ортаның тұрақтануын ескере отырып, жеткілікті тұрақты несие қабілеттілігін көрсетуі» тиіс.
Standards & Poor’s мамандарының пікірі бойынша бірқалыпты бизнес-айқындама банктік жүйе бойынша орташаға қарағанда күштірек басқару командасы мен қазақстандық ұқсас банктермен салыстырғанда нақтырақ тұжырымдалған стратегиясының болуын білдіреді.
Сондай-ақ рейтингтік агенттіктің шешіміне елеулі әсер еткен факторлардың бірі борыштық міндеттемелер бойынша Банктің ірі шетелдік қаржыландыру көздері алдында берешегінің болмауы болып табылады. Бұл ретте «өтімді активтер үлесі жеткілікті ретінде – 20,0% деңгейінде бағаланады (2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша)».
«Қол жеткізген рейтинг Банк басшылығы ұстанған даму стратегиясының дұрыстығын растайды, – деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон. – Бұл жаңалық жалпы алғанда әлемдік нарықтағы ағымдағы жағдай тұрғысынан да, сондай-ақ Қазақстанда бұрынғыдан да маңызды мәнге ие болады. Дегенмен бұл біздің бастамамыз ғана, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін қабылданған бизнес-жоспар шеңберінде одан әрі қарай көп еңбектенуіміз қажет».
S&P агенттігінің «Еуразиялық банк» АҚ рейтингі бойынша өзгерістерінің негіздемесі қоса берілген.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz