logo
Қз

Standard & Poor’s Еуразиялық банкке «Тұрақты» болжамымен В рейтингісін берді

07.12.2015, Алматы. Standard & Poor’s кредиттік рейтингтер қызметі Еуразиялық банкке «негативті» болжамын «тұрақтыға» көтеріп, «В» деңгейіндегі ұзақ мерзімді кредит рейтингісін берді. Банктің қысқа мерзімді рейтингісі «В» деңгейінде расталды.

Активтер сапасының төмендеуіне қарамастан, S&P сарапшылары «жуық арадағы 12-18 айда банктің тәжірибелі басқарушы командасы экономикалық жағдайдың нашарлауы мен Қазақстанның банк секторы үшін қорландыру көзіне қолжетімділіктің шектеуімен түсіндірілетін оның қаржылық көрсеткіштеріне көрсетілетін қысымды бәсеңдете алады» деп атап өтті.

 «Шетел валюталары бағамдарының аса құбылмалылығы мен тамыз айындағы девальвациядан кейінгі банк секторының жағдайында болжамның жарты тармаққа өзгеруі Банк бизнесінің тұрақты позициясы мен акционерлердің Банкті дамытуға дайын екендігін растайды. Жақын арадағы Банк капиталының 6 млрд. теңгеге ұлғаюы мен БанкПозитивті сатып алуы – осының дәлелі. Біз қиын жағдайға қарамастан нарықтағы үлесімізді ұлғайту үшін жүргізіп жатқан жұмысымызды жалғастырамыз», – деп түсіндіріп өтті Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.
«2015 жылдың қараша айында Банк қосымша түрінде 6 млрд. теңге (19.5 млн АҚШ долларына жуық) алды және ағымдағы жылдың соңына дейін БанкПозитивті шоғырландыруды жоспарлауда, осының нәтижесінде біздің бағалауымызша капитал өсімінен 2,6 млрд. теңгеге жуық кіріс түседі.

2016 жылы орын алатын қарыздар бойынша болжамды шығасыларға қарамастан біз Банк акционерлерінің капитал қосуын Банктің қаржы бейінін бұдан әрі қарай қолдауды қамтамасыз ететін аралық ретінде қарастырамыз. Бұған қоса, жұмыс істемейтін қарыздардың болжамды көрсеткіші несие портфелінің 10 %-ға жуық деңгейінде болатынына қарамастан, өндіріп алудың озық рәсімдері Қазақстандағы басқа көптеген банктермен салыстырғанда проблемалық кредиттер бойынша жоғары деңгейлі қайтарымдылығын қамтамасыз етеді деп есептейміз», – делінген  S&P релизінде.

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар, Новосибирск және Омск,  Челябинск қалаларында филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «Тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы марапаттармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж., 2014ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және  2015ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.