logo
Қз

Цифрлық суперқаһарман болу жолдары: "Бәйтерек" мектебінде киберқауіпсіздік жайлы ерекше сабақ өтті

Құпия сөз — ешкімге беруге болмайтын әрі жиі ауыстыруды қажет ететін тіс щеткасы секілді.

 

Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Евгений Питолин “Бәйтерек” мектебінің оқушыларына арнап өткізген дәрісін осы фразадан  бастады. Еуразиялық банкпен бірлесе отырып ол жоғары сынып пен орта сынып оқушыларына интернетте өзін қалай қорғау керектігін түсіндіріп, алаяқтардың құрбаны болмау жолдарымен бөлісті.

 

6-8 сынып оқушыларын  қызықтыру үшін Евгений сабақты нағыз ойынға — “цифрлық суперқаһармандар жаттығуына” айналдырды.


Ол интернетте әркімнің бес супер күші бар екенін айтты:

 

1.Жасырын құпия сөз — бұзуға қарсы сенімді қалқан. 123456 немесе мысықтың аты секілді құпия сөздер кілемшенің астына жасырған кілтке барабар. Нағыз құпия сөз тарих сияқты бірегей және тек сіздікі болуы керек. Мысалы, үш кездейсоқ сөз ойлап тауып, оған сан мен таңбаны қосыңыз. Бұл қарапайым, көңілді әрі қауіпсіз болып саналады.

 

2. Өтірікті анықтар “радар” фишингтен қорғану құралы. Алаяқтар көбінесе банктің немесе достардың атын жамылып хабарласады. Негізгі ереже: “Банк сілтемелерді жібермейді, ал достар SMS-кодтарын сұрамайды”.

 

3. Көрінбейтін режим — із қалдырмай үйрену керек. Мектеп мекенжайын, суретін жарияламау, үйде жалғыз екеніңді көрсетпеу керек. Нағыз ниндзя өзінің мекенжайын құпия ұстайды.

 

4. Алаяқтар әдейілеп “бұзған” ойындар мен бағдарламаларды жүктемеу — цифрлық иммунитет.  Бір мектеп оқушысы “тегін  Minecraft” жүктеймін деп, ата-анасының ақшасынан айырылған.

 

5. Психологиялық қорғаныс — хейтерлер мен тролльдерге қарсы құрал. Бастысы – трольді ауыздықтандырмай, оны бұғаттау керек және осы оқиға жайлы үлкендерге айтудан қорықпау керек.

 

Жалықтыратын ережелердің орнына балалар нақты “цифрлық супер күштердің” жиынтығын ала алды және онлайн өмірде де жауапкершілік болу керектігін түсінді.

 

Алматы қ. Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері қаскүнемдердің қарапайым оқушыларды қылмыстың еріксіз қатысушысына айналдырып, олардың қалай алдайтыны жайлы егжей-тегжейлі түсіндірді. Мамандар алаяқтардың нақты схемаларын көрсете отырып, жасөспірімдерді барынша мұқият болуға, кез келген күдікті ұсыныстарға сын көзбен қарауға шақырды.

 

Жоғары сынып оқушыларына цифрлық гигиенаны  мектеп қабырғасынан бастап сақтау неліктен маңызды екендігін қолжетімді әрі бейнелі түрде баяндап берді. Желідегі жауапсыз мінез-құлық салдары ауыр зардаптарға, мысалы жұмысқа орналасу  қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін.

 

Жасөспірімдерді желіде жасырын кибербуллинг қауіптері мен әдетте қылмыстың алғашқы қадамы болып табылатын “дропперлік” — “жеңіл табыс” тұзағы күтіп тұруы мүмкін.

 

Соңында Еуразиялық банктің Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Наталья Ван балалар әр түрлі жағдайларда қандай “супер күш” қолдану керектігін айқындау қажеттілігін анықтайтын интерактивті квиз өткізді. Белсенділік танытып, дұрыс жауаптары үшін оқушылар банктің фирмалық сыйлықтарын алды.

 

“Қазіргі оқушылар шынайы өмірмен қатар интернетте де өмір сүруде. Біз олардың өздері мен басқаларды қалай қорғау керектігін және қорғаныс өздерінен басталатынын білгенін қалаймыз -деді ол.

 

Жалықтыратын ережелердің орнына балалар нақты “цифрлық супер күш” жиынтығын ала алды және онлайн өмірде де жауапкершілік болу керектігін түсінді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.