logo
Қз

TURBO өнімдер: жұмсалған ақшаның бір бөлігі клиенттерге қайтарылады

08.04.2014 – Алматы. Еуразиялық банк нарыққа инновациялық өнімдерді шығарды. Ұсыныс Банктің әлемдегі ең табысты командалардың бірі – Movistar Yamaha MotoGP және төрт дүркін әлем чемпионы, мотошабандоз Хорхе Лоренцомен серіктестігінің басталуына орайластырылған.

Еуразиялық банктің жаңа TURBO депозитінің талаптары бойынша сыйақы күн сайын есептеледі және төленеді. ТURBO депозит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгеде  10,5%-ды, АҚШ долларында 3,6%-ды, еурода 2,5%-ды және рубльде 3,6%-ды құрайды. Салымды толықтыру және ішінара алу мүмкіндігімен салымның ең төменгі сомасы 7000 теңге, 100 АҚШ доллары, 100 еуро немесе 1500 рубль. Салымшылардың ақшасының сақталуын Депозиттерге кепілдік беру қоры қамтамасыз етеді.

Әр салымшыға сыйлық – сashBack функциясымен VISA төлем картасы – TURBO Card. Бұл нарықтағы бірегей өнім: Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылған транзакция үшін ай сайын ақшаны қайтару функциясымен VISA картасы пайда болды. Клиент пайдаланған кезде балдар немесе бонустар жинайтын карталардан өзгешелігі – Еуразиялық банктің TURBO картасы әрбір ақысы төленген сатып алу құнынан  0,5% ақшалай мәнде қайтарылуын қамтамасыз  етеді.  Moto GP жарыс кезеңдерінде Хорхе Лоренцо жеңіске жеткен жағдайда cashback мөлшері тағы 0,2%-ға артады және карта иесі алдыңғы айда сатып алған барлық тауарлар мен қызметтердің сомасынан шотына 0,7%-ын кері алады. Жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінің тректерінде Moto GP-дің 18-19 кезеңі өтеді. Өткен жылы Хорхе Лоренцо сегіз кезеңде жеңіске жетті. Жарыстар күнтізбесі Еуразиялық банктің сайтында орналастырылған, ал тікелей эфирдегі көрсетілімдерді СТВ телеарнасынан көруге болады. Көрсетілім серіктесі – Еуразиялық банк.

«Біз клиенттеріміздің Банктің жаңа өнімдерінің артықшылықтарымен танысып қана қоймай, сонымен қатар жаңа спортты да жақсы көретіндеріне сенеміз. Moto GP – бұл жоғары технологиялар мен жылдамдық. Банк саласындағы сияқты, мұнда көп нәрсе дұрыс қабылданған шешімдерге байланысты. Сондықтан да біз Банктің атын жүйрік команда мен оның чемпионымен бірге атауды ұйғардық», – дейді Банктің Басқарма төрағасы  Майкл Эгглтон.

Еуразиялық банкте TURBO депозиті бар барлық клиенттер автоматты түрде Yamaha скутері мен көптеген басқа да жүлделер ұтысының қатысушылары болады. Акция бір жыл бойы өткізіледі. Содан соң 12 скутер иесінің арасында тағы да бір ұтыс ойналады. Ең жолы болғыш салымшылар Moto GP чемпионаты жарыстарының біріне жіберіледі, ал Еуразиялық банк олардың ұшып бару және тұру шығындарын өтейді.

 

Анықтама:             

«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.