Алматы, 2020 жыл 9 желтоқсан
Еуразиялық банк (ары қарай – банк) 2020 жылдың 5 желтоқсан күні бөлімше басшысы Шалбаев М.М. ұрлаған 136 000 евро мен 34 000 теңге көлеміндегі қаражат мөлшері Ресейден Қостанай қаласына жеткізіліп, банкке қайтарылғаны жөніндегі ақпаратпен бөліседі.
Жітіқара қаласында орналасқан банк бөлімшесінің басшысы Шалбаев М.М. аталған қаражат мөлшерін кассадан ұрлап, Ресейге тығылмақшы болғанын еске саламыз.
5 желтоқсанда Жітіқара және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 4-бөлігі 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға ету» бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Челябинск қаласына барды, сол жерде оларға Шалбаев ұрлаған ақша берілді. Содан кейін Интерпол қызметкерлерінің көмегімен қаражат Қостанайға жеткізіліп, Еуразиялық банктің филиалына қайтарылды.
Жақын уақытта айыпталушы М.М. Шалбаевтың ісі сот үкімін шығару үшін сотқа жіберіледі.
Еуразиялық банк осы іске қатысы бар Жітіқара полиция бөлімі мен Қостанай облысы ІІД Жітіқара аудандық қызметкерлеріне, оның ішінде: Бөлім басшысы, полиция подполковнигі Иманов Болат Сапаргалиұлына, Қостанай облысы бойынша ПД тергеу бөлімінің ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция подполковнигі Тюлегенова Бибігүл Айдарханоқызына, Жітіқара және Жітіқара аудандық полиция басқармасы тергеу бастығының орынбасары полиция майоры Журкабаев Руслан Алтынбекұлына, Жітіқара және Жітіқара аудандық полиция бастығының орынбасары подполковник Шадалинов Алибек Асылбекұлына, Жітіқара полиция бөлімінің тергеу бөлімінің аға тергеушісі және Жітіқара аудандық полиция капитаны Баус Татьяна Сергеевнаға, ОМПС ЖП Жітіқара және Жітіқара аймақтық полиция инспекторы полиция капитаны Асхат Жақсалықұлы Ақшатаевқа алғыс білдіреді.. Болашақта дәл осындай жағдайлар қайталанбас үшін банк тиісті шараларды қолданды.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
press@eubank.kz
eubank.kz