logo
Қз

Moody’s агенттігі банкке B2 рейтингісін берді

Пресс-релиз, Алматы қ., 17.09.2019 ж.

 

— Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Еуразиялық банкке S&P беретін В және Fitch беретін В рейтингіге ұқсас, B2 деңгейінде ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша рейтинг берді. Сондай-ақ агенттік b3 дербес кредиттік рейтингін, B1 контрагенттің ұзақ мерзімді тәуекел рейтингін, қысқа мерзімді депозиттік рейтингті және контрагенттің Not Prime тәуекел рейтингін берді.

Банктің даму болжамын агенттік «тұрақты» деп анықтады.

 

Moody ‘s сарапшыларының пікірі банктің қаржылық есебін мұқият талдауға,
сондай-ақ оның топ-менеджерлерімен мағыналы сұхбат серияларының қорытындылары
бойынша түйіндерге негізделген. Агенттіктің талдаушылары банктің әртүрлі бизнес-сегменттердегі бәсекеге қабілеттілігін талдады, клиенттік базаның құрамын, өнімдік желіні, тарифтік кесте мен жасалған мәмілелерді  зерттеді.  Бұған қосымша Moody’s Еуразиялық банктің тәуекелдерді бағалау саясатымен және оның стратегияларымен танысты.

 

«Біз үшін Moody’s рейтингін иелену-Еуразиялық банктің дамуындағы оң трендті растайтын және оның іскерлік серіктес ретіндегі
сенімділігінің куәсі болып табылатын маңызды оқиға
. – деді Eurasian Bank
басқарма төрағасы
Валентин Морозов. – Біз Moody’s талдаушыларының Еуразиялық
банк тұрақты табыс генерациялайтын және өтімділіктің үлкен қорына ие екендігі
туралы пікірін бейнелейтін рейтингтік бағалау деңгейіне қанағаттанамыз, бұл өз
кезегінде Банкке жаңа стратегияны іске асыру және клиенттер үшін қызмет көрсету
ауқымы мен сапасын жақсарту бойынша жұмыс жасай отырып, тұрақты дамуға
мүмкіндік береді».

 

 

Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді рейтингтері тұрақты болжамға ие, бұл агенттіктің пресс-релизіне сәйкес, «Moody’s» келесі 12-18 айдағы активтер сапасын, капитал және өтімділік сияқты негізгі несиелік көрсеткіштердің тұрақтылығына қатысты күтулерін көрсетеді.

2019 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша Еуразиялық банктің таза операциялық кірісі 2018 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32% ұлғайып, 41 млрд теңгені құрады.  Бұған бөлшек бизнестің белсенді өсуі ықпал етті.  Нәтижесінде банктің операциялық тиімділігі (Cost/Income) 45,4%-дан 39,1%-ға жақсарды.

 

Жалпы портфельдің 70% астамын құрайтын Банктің бөлшек несие портфелі жыл басынан бері 8%  – 383,9 млрд теңгеге дейін өсті.  Банк тұтынушылық кредит беру нарығында жетекші позицияны ұстап тұруды жалғастыруда және жаңа авто кредит беру бойынша 1 –
орында, өмірді сақтандыру бойынша 1-орында, POS-кредит беру бойынша 3-орында тұр.

 

Еуразиялық банк 01.07.2018 ж. бастап 01.07.2019 ж. дейінгі кезең үшін заңды тұлғалардың салымдарының көлемін бірден 60,5%-ға, 355,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.  Өтімділікпен қамтамасыз ету шығыстары 2018
жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 55%-ға қысқарды.

 

Еуразиялық банк өтімділігінің жоғары деңгейі жұмыс істемейтін қарыздарды барабар деңгейде
өтеуге арналған резервтерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мәселен, мерзімі 90 күннен аса кешіктірілген қарыздар (NPL90+) бойынша өтеу жыл басындағы 152%-дан 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 181%-ға ұлғайды.   NPL90+ деңгейі 8,3% құрайды, бұл нарық бойынша орташа көрсеткіштен 1,1 пайыздық тармаққа төмен. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында проблемалық активтерді қайтару 3,8 млрд теңгені құрады.

 

Еуразиялық банк Қазақстандағы ірі салық төлеуші және жұмыс беруші — ERG тобының корпоративтік банктерінің бірі болып табылады, топта 60 000-нан астам адам жұмыс істейді.

Қазақстан экономикасына ERG үлесі шамамен 4% құрайды (ЖІӨ-гі үлесі).

Бүгінгі таңда ERG Қазақстанның металлургиялық тау-кен өнеркәсібінің 30%-ын ұсынады, сондай-ақ елдегі электр энергиясының негізгі жеткізушісі болып табылады.
ERG үлесінің 40% Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі екенін атап өту қажет.

 

Еуразиялық банк «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламаларын, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта
қаржыландыру бағдарламасын, “Даму” қорының бағдарламаларын, сондай-ақ отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстанның Даму Банкімен бірлесіп
іске асырылатын жеңілдікті автокредит беру бағдарламаларын қоса алғанда бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға қатысады.  Осы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін банкке бөлінген мемлекеттік қаражаттың жалпы көлемі 30 млрд теңгеден асады.

 

2019 жылы Еуразиялық Банк “Астана Банкі” АҚ 275 мың салымшысына кепілді өтеуді төлеу бойынша агент ретінде 37 млрд теңге сомасына ҚДКБҚ міндеттемесінің 98,4% -ын өтеген. Реттеушінің таңдауы банктің сенімділігіне, пруденциалдық нормативтердің талаптарын сақтауына, сондай-ақ бөлімшелердің ауқымды желісінің болуына байланысты болды.

 

Пресс-релиздің толық нұсқасы рейтинг агенттігінің сайтында.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

еubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.