logo
Қз

Ұтқыр POS-терминалдар бөлшек сауда кәсіпорындарының арасында танымалдыққа ие болуда

23.11.2015, Алматы. 2015 жылдың көктемінде бастау алған жоба шеңберінде Еуразиялық банк кәсіпкерлерге смартфонға орнатылатын тегін ProstoPos ұтқыр POS-терминалдарын ұсынады.
Еуразиялық банк талдаушыларының деректеріне сәйкес ұтқыр терминалдар бөлшек сауда саласында барынша талап етілуде. Оларды азық-түлік, киім, жиһаз, ұялы телефондар, зергерлік бұйымдар мен халық тұтынатын басқа тауарларды сататын жеке кәсіпкерлер мен ШОБ секторының кәсіпорындары ынтамен сатып алады. Берілген барлық құрылғылардың 58,5% бөлшек сауданың еншісінде.
Еуразиялық банктің ықшамды төлем жабдығына қызығушылық танытқан көлемі бойынша екінші орындағы сегмент Банк ұсынған барлық ProstoPOS-тың 37,7% үлесін құрайтын қызмет көрсету секторы болып табылады. Бұл сегменттің көшбасында көлік компаниялары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, сондай-ақ қонақүйлер мен тұрғын үйлерді жалға беретін кәсіпорындар тұр.
Үшінші орында – Еуразиялық банктен алынған ұтқыр POS-терминалдардың жалпы санының 3,8%құрайтын үлеспен өндірістік сектор орналасқан.
«Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлер үшін POS-терминалдар қолдану міндетті болады. Қаржы министрлігінің есебінше POS-терминалдық талап ету патент және оңайлатылған мағлұмдама бойынша жұмыс істейтін 300 мыңдай ЖК қамтиды. Шағын және орта секторды белсенді түрде дамытып, қолдау көрсететін Еуразиялық банк кәсіпкерлерге осы талапты жылдам, оңай және мейлінше аз шығынмен орындауға көмектеседі.
«Қазіргі таңда смартфонның мүмкіндіктері мол, онда неге оны бизнесті заман талаптарына сәйкес жүргізуге және сатушылардың да, клиенттердің де өмірін жеңілдетуге пайдаланбасқа? Біздің қолайлы POS-терминалымыз айналымы шағын бизнес үшін өте ыңғайлы. Бұған қоса, Банкте стандартты POS-терминалдарға қызығушылық танытқан кәсіпорындар үшін жеңілдікті бағдарламалар бар», – деді Еуразиялық банктің бөлшек бизнес басшысы Бертран Госсар.
Ұтқыр ProstoPOS қосымша қуат көзін қажет етпестен арнайы жалғағыш арқылы смартфонға қосылады. Терминал ұялы байланыс қолданылатын кез келген жерде жұмыс істейді. Транзакциялар бойынша комиссия осыған ұқсас құрылғылар нарығында ең төмен – төлем сомасынан небәрі 2,2%.
Ұтқыр POS-терминалдарға арналған бағдарламалық жасақтаманы қауіпсіздіктің халықаралық стандарттары бойынша Swiff компаниясы әзірлеген және сертификаттаған. Ұтқыр ProstoPOS-ты Еуразиялық банктің Қазақстанның аумағындағы барлық филиалдары ұсынады.
Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.