Алматы, 2024 жылғы 23 тамыз
Бұл жарыстар гольфшыларға рейтингтік ұпай жинауға және Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік береді. Турнирдің Бас демеушісі Еуразиялық банктің Eurasian Private banking болды.
13-15 тамыз аралығында алматылық Zhailjau гольф-клубында Kazakhstan Cup 2024 өтті, ол қазақстандық гольф тарихында алғаш рет Дүниежүзілік әуесқой гольфшылардың рейтингтік жүйесіне (WAGR) енгізілді. Турнирге Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан және Ресей елдерінің жетекші әуесқой гольфшылары қатысты.
Әлемдік әуесқой гольфшылардың рейтингтік жүйесі (World Amateur Golf Ranking) 6 мыңнан астам турнирді қамтиды және 7,5 мыңнан астам әуесқой гольфшылар арасында рейтингтік ұпайларды бөледі. WAGR-дің басты мақсаты – соңғы екі жылдағы жүйе мойындаған турнирлердегі әуесқой гольфшылардың нәтижелерін ескере отырып, әлемдегі ең үздік әуесқой гольфшыларды анықтау.
Алынған рейтингтік ұпайлар әуесқой спортшыларға ең ірі халықаралық старттарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында өнер көрсетуге мүмкіндік береді, яғни ол ұпайлар кәсіби тур ойыншылары қатысатын жоғары бәсекелестік жағдайында маңызды болары анық.
Жарыстардың жоғары мәртебесін ескере отырып, Kazakhstan Cup 2024 матчтары гандикапты есепке алусыз, соққылар есебі форматында өткізілді. Турнир сонымен қатар әрқайсысы 18 шұңқырдан тұратын үш раундтан тұрды.
Турнирдің барлық қатысушылары шеберлік пен бәсекелестіктің жоғары деңгейін көрсетті: жүлделі орындар үшін күрес соңғы соққыларға дейін жалғасты. Kazakhstan Cup 2024 жоғары сападағы турнир болғандығының дәлелі – Hole-in-one болуы, яғни жарыстың соңғы күнінде қазақстандық Ален Танатаров шұңқырға бір соққымен кіре алды, бұл тіпті жоғары деңгейдегі жарыстарда да сирек кездесетін жайт.
Ерлер арасындағы үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша Ресейден келген Владимир Орлов жеңімпаз атанды. Қазақстандық ойыншылар Думан Койбагаров пен Бауыржан Саркытбаев тиісінше екінші және үшінші орындарға ие болды. Әйелдер арасындағы турнирде біздің отандасымыз Диляра Буламбаева Kazakhstan Cup 2024 чемпионы атанды, Ресейден келген Глафира Памазкова екінші орынға, ал үшінші орынға Данель Даний (Қазақстан) ие болды.
Ерлер арасында жеңімпаз Ресейдің 15 жастағы өкілі Владимир Орлов болды, ол өзінің жеңісті қолдан бермегеніне қатты қуанып тұрды.
“Бұл менің WAGR деңгейіндегі турнирдегі алғашқы жеңісім. Жарыстың соңғы күні өте жақсы ойнадым, дегенмен алдыңғы күн онша сәтті болмады. Соңғы шұңқырларға оқталған соққыларда ғана жеңіске қол жеткізе алдым. Сондықтан да осының барлығына төтеп бере алғаныма қуанып тұрмын. Бұл жерде ойнау өте ұнады, бәсекелестік жоғары, ал қарсыластар өте мықты болды. Үш күн бойына шиеленіскен ойын болды. Осындай тамаша турнирді өткізген жарыстың демеушілері мен серіктестеріне алғысымды жеткізгім келеді”, — деді жарыс жеңімпазы.
Kazakhstan Cup 2024 чемпионы Диляра Буламбаева WAGR аясында өткен жарысқа бірінші рет қатыспағанын атап өтті — спортшы американдық университетте оқиды және осы жарыстарға оқтын-оқтын қатысып тұрады екен. Ол тағы бір жаңалықпен бөлісті: 2024 жылдың жазында Диляра Қазақстан ұлттық құрамасының сапына еніпті.
“Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл Қазақстандағы алғашқы осындай турнир және менің ойымша, бәрі өте жақсы өтті. Федерация мен демеушілердің осы турнирді жақсы деңгейде өткізгенін мақтан тұтамын. Гольфты қолдағаны үшін оларға рахмет”, — деді қазақстандық ойыншы. Ол сондай-ақ турнирде жоғары бәсекелестікті атап өтті, алайда ол кейбір қатысушылармен өмірде дос болғанына қарамастан, алаңда бар күшін сарп етіп, бәсекелесуге тырысқанын атап өтті. “Қарсыластар өте күшті болды. Алғашқы екі күнде мен біраз қобалжыдым, бірақ үшінші күні мен бар күшімді жинап, өзім білетіндей ойнадым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бұл мен үшін зор жетістік”, — деді Диляра Буламбаева.
Турнирдің жабылу салтанатында Қазақстан Гольф федерациясының президенті Берик Каниев турнирді WAGR аясында өткізу қазақстандық гольф үшін айтулы оқиға болып табылатынын, ал турнирдің өзі дәстүрлі турнирге айналатындығын атап өтті.
“Біз Kazakhstan Cup 2024-ті кем дегенде жыл сайын өткізілетін турнир етеміз. Біз осы WAGR турнирлерін жиі, мүмкін жылына екі рет өткізуге тырысамыз. Қазақстандық гольфшыларға тезірек дамып, табысқа жетіңіздер деп айтқым келеді… Біз жақын арада Олимпиада ойындарына қатыса аламыз деп ойлаймын. Бұл біздің жақын жылдарға қойған мақсатымыз, – деп Федерация басшысы мәлімдеді.
Ол сондай-ақ турнир қатысушыларының жоғары шеберлігі мен ымырасыз күресіне назар аударды. “Біз барлығымыз шиеленіскен бәсекелестік күрестің куәсі болдық. Біздің федерация барлық қатысушылардың матчтардан қанағат алуы үшін біздің турнирлерде әрқашан әділ бәсекелестік, жағымды эмоцияларға толы спорттық күрес болуын қамтамасыз етуге тырысады. Спорт адамдарды біріктіріп, байланыс орнатуға көмектесуі керек. Біз оған қол жеткіздік”, — деп атап өтті Берик Каниев.
Кейінірек Қазақстан Гольф федерациясының президенті Қазақстанда WAGR аясындағы турнирлерді өткізудің маңыздылығы және қазақстандықтардың жазғы Олимпиадаларға қатысуы қаншалықты мүмкін екендігі туралы толығырақ айтып берді.
“Біріншіден, біздің спортшылар әртүрлі елдердің жоғары деңгейлі гольфшыларымен бәсекеге түсе алады, ал жастардың дамуы үшін бұл өте маңызды. Екіншіден, осы деңгейдегі турнирлерде ұйымдастырушылық тұрғыдан техникалық факторлар, жарыстардың төрешілік деңгейі, барлық ережелерді дәл сақтау өте маңызды. Спортшылар осының барлығына дағдылануы тиіс. Дегенмен, ең бастысы, мұндай турнирлерде көрсетілген жоғары нәтижелер гольфшыларға рейтингтік ұпайларды алуға мүмкіндік береді, бұл оларға одан әрі жоғары деңгейдегі турнирлерге қатысуға мүмкіндік береді. Соның ішінде Олимпиада ойындарында да. Біз шын мәнінде алдымызға осындай міндет қоямыз. Бірақ біз, әрине, ойын деңгейін арттыруымыз керек. Қазақстандық гольфшылардың Олимпиадаға қатысуы үшін барлық алғышарттар бар. Иә, оған жету өте қиын, өйткені бұл спорттағы бәсекелестік деңгейі шектен тыс жоғары. Бірақ біз күресу керекпіз”, — деді Берик Каниев.
Федерация басшысы турнирдің бас демеушісі ретінде Еуразиялық банктің Eurasian Private banking қолдауын ерекше атап өтіп, Kazakhstan Cup 2024 серіктестеріне де алғысын білдірді. “Еуразиялық банктің жеке клубымен бірге біз гольфты дамыту бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырамыз. Олар бізге турнирлерді ұйымдастыруға, түрлі керек-жарақтарды сатып алуға көмектеседі. Бұл шын мәнінде баға жетпес көмек” — деп атап көрсетті Берик Каниев.
Айта кетейік, 2024 жылы Еуразиялық банк Қазақстан гольф федерациясы мен Балалар гольф академиясының бас демеушісі болды. Банк республикамыздағы гольфты дамытуда осы ұйымдарға қаржылық қолдау көрсетеді, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы Түркия, Әзірбайжан, Пәкістан, Татарстан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты елдердің гольф федерацияларымен ынтымақтастықты дамытуға көмектеседі.